Бізді сатып алуға биліктің ақшасы жетпейді

17.05.2018, 19:54

135

Бүгін Алматыда «Жаңа Қазақстан» форумы ресми түрде өз жұмысын бастағанын жариялады. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатын өткізген  «Жаңа Қазақстан» мүшелері мәлімдеді. Жаңа ұйымның мүшелері саясаткер Әміржан ҚОСАНОВ, саясаттанушы Расул ЖҰМАЛЫ мен Айдос САРЫМ журналистердің сұрақтарына жауап берді.«Жаңа Қазақстан» -  қоғамдық бірлестік жетекшілері, саясаткерлер, құқық қорғаушылар, журналистер мен сарапшылардан құралған ынтымақтастық. Һәм интелектуалды қоғамдық алаң. Олар елдегі саяси, экономикалық, идеалогиялық, ақпараттық монополияға қарсы күреспек. Билік транзитінің таяп қалғандығын айтқан қоғам қайраткерлері екінші президенттің тағайындалмай сайлануына бұқара болып әсер етуіміз керек дейді.-Дамудың екі жолы бар. Өркениетті және революциялық жол. Біз бірінші жолды таңдаймыз. Европа мен АҚШ-та саяси бәсеке болғандықтан мемлекет қуатты. Көшеге шақыратын радикалды ұрандарды көтермейміз. Ой жарыстырамыз. Барлық қоғамдық-саяси оқиғаларға сараптама жасап, баға береміз,- дейді саясаттанушы Расул Жұмалы.Заң аясында жұмыс жасаймыз деген «Жаңа Қазақстан» форумы жуырда қоғамдық ұйым ретінде тіркелуге ықласты екен. Егер бізді тіркемесе бұл биліктің өзіне сын дейді қоғам қайраткерлері.Қоғамда «Жаңа Қазақстан» қуғындағы саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВТЫҢ  ҚДТ-на (ДВК) балама ретінде Ақорданың ықпалымен құрылды деген сөз бар. Осыған орай Әміржан Қосанов жауап берді.-Бізде бір ұйым құрылса оны шеттен я болмаса Ақордадан қаржыландырады деген әңгіме шығады. Біздің артымызда тұрған ешкім жоқ. Мұхтар Әблязовтың өз жолы бар. Қазақстанның болашағы жайлы өз көзқарасы бар. Кезінде М. Әблязов, Ғ. Жақияновтар қамалғанда оларды қолдау штабында болдым. Әлеуметтік желіде мен жайлы негізсіз әңгімелерді айтқасын оны мен де сынадым. 27 жылдан бері көп нәрсе өзгерді. Қоғам қазір ояу. Осында отырған азаматтардың барлығын тұрмыстары жаман емес. Мысалы Брюсельге өз қаражатымызға барып келдік. Бізді сатып алуға билік пен олигархтардың ақшасы жетпейді, — деді Әміржан Қосанов. 

Фотолар автордікі.

 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:00
Nur Otan өз депутаттарының игі істерімен бөлісті
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:33
«Көзір» күйді: Маминнің тағы бір өтірігі ашылды
Алып АРСЛАН 08:28
«...Аузы жаман елді былғайды»
Сайт әкімшілігі 17.09.2021, 16:00
"Бізге үлкен ойындар қажет емес". Тоқаев ШЫҰ саммитінде не айтты?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 17.09.2021, 14:00
Цой қайда қарап отыр?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 16.09.2021, 15:00
Байахметов баспанасы жоқ әкімді енді байқады

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39