Бүгінгі «Жас Алашта»: Алтынбектің әзілдері
«Жас Алаштың» 72-санына шыққан кей мақалаларға қысқаша шолу
Жеңіс Қасымбек туған жеріне жеңіл көлікпен барса ғой...Әттең-әттең, министр Жеңіс Қасымбек туған жері – Жамбыл облысының Шу ауданына жеңіл көлікпен барса ғой. Ең болмағанда пойызбен барса… Сонда білер еді, Астанадан Таразға дейін баратын көлік жолы мен теміржолдың жағдайының қандай бейшара күйде екенін… Шудың тұсында вагондар неге аударыла беретінін, Бурылбайталдан Шуға, Шудан Меркіге жеткенше ескі жолдың тек жұрнағы ғана қалғанын өз көзімен көріп, жүрегін ұстап қайтар еді. Бірақ, өкінішке қарай, министрлер алысқа тек аспанмен ғана барады ғой. Олар ұшақтың оймақтай терезесінен жерге де, жолға да көз салып қарамаса керек. Қараған күнде де соншама биіктен не көреді дейсіз...
«Мақтамания» дауылы келіп жетті«Амангелді Айталы қалай-қалай айтады...» демекші, академиктің болжамына диқандар балаша қуанып мәз болды. Үйдегі нарықты зауыттағы баға бұзады. Алпауыт зауыттардың айтқаны болады. Әрине, мақта бағасын тізеден төмен сырғытады. Мақта бағасын нақтыламай, терімнің орта тұсына дейін сағызша созып отырып алады. Ливерпуль биржасы деген бір пәле пайда болғалы қашан. Әкімқаралар сол құрғыр биржаны айтып ақталады. Мақташы диқандар құдайын ұмытып кетпесін деп қайдағы бір биржаны ойлап тапқан ба дерсіз. Сонда дейміз-ау, қазақ жері, қазақ диқаны, қазақ мақтасы, қазақ мемлекеті сонау алыстағы Ливерпуль биржасына бас иіп құлдық ұрғаны қайбір жарасқан тірлік дерсіз. Одан да көзге көрінбейтін мақта «мафиясы» майданы жүріп жатыр десе жөн болар еді.
Жемқорлықпен күрес: лауазым иелерінің қаржылық ақпараттары ашыла ма?Австрия тарапын Қазақстанның жемқорлықпен күрестегі ағартушылық бағыты қызықтырыпты. Міне, жаңалық! Осымен іссапарды сәтті нотада аяқталды деп түйіндеуге болады. Бірақ біз секілді үшінші елдердің бірі емес, дамыған Австрия қалай бізге қызыға қалды? Әлемдік жемқорлықпен күрес елдері индексінде Австрия – 16, Қазақстан 122-орында тұр. Арасы жер мен көктей. Қызықпақ түгіл, көзінің қиығын да салмайды. Аяқастынан төменде, жемқорлыққа белшесінен батып 122-орында жатқан Қазақстанға қалай қызығады? Қызықпайды, әрине! Біздікілер жемқорлықпен күрестегі озық елдердің тәжірибесін сұрап, үйренгеннің орнына Венеға барып әбден көпіріп, оған кейбір елдер сеніп те қалса керек
Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алғандаҒазиз Телебаев, Қазақстан философтары конгресінің вице-президенті, профессор:Алтекеңмен соңғы рет «Ақ жолда» жүрген кезінде жолығыппын. Кеңінен отырып сөйлесіп, біраз мәселені талқыл

адық. Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімі зор еді. Оның оппозицияға кету шешімі кезінде көбімізді қатты ойландырғаны рас. Уақыт өте түсіндік. Қазақстанға, Қазақстан мемлекеттілігіне төніп тұрған қауіп-қатерді сейілту үшін сондай қадамға барыпты. Сол қатерге төтеп беретін басқа жолы да болмапты.
Алтынбектің әзілдері «Ұрынуды ұмыттыңдар» Оппозиция қатарында жүрген Алтекеңді артынан аңдушылар, жүйкесіне тиюшілер, қорқытқысы келгендер аз болмаған. Бірде Алтынбек көмекшісімен бірге «Арасан» моншасына барып, парға кіріпті. Біраз терлеп енді шыққалы жатса, «қызып алған» 5-6 жігіт есікті ашып, «қатын болсаңдар бұл жерден шығып кетіңдер, мұнда тек нағыз жігіттер отырады, пар береміз. Шыдамай қашқан – қатын» дегендей гүрілдепті. Бұлардың өзіне тиіскісі келіп тұрғанын түсінген Алтекең қайтер екен деп пардан шықпай отырып қалады. Әлгілер болса өлтіріп тұрып пар береді, айқайлап кіріп, күшейіп отырады. Бірақ пардың ыстығы қойсын ба, үндері дереу өшіпті. Сөйтіп, үнсіздікте басталған тартыста әлгілердің алды шыдамай пардан секіріп шыға бастапты. Көп ұзамай соңғысы да қашыпты. Сыртқа шыққан Алтекең әлгілерге: «Жігіттер, сыпыртқымен ұрынуды ұмытып кеттіңдер», – депті.
«Путин, кет!»
Пушкин ескерткіші маңына жиналғандардың қарасы көбейіп, бірауыздан «Путин, кет!», «Билік деген – біз!», «Путиннен шаршадық!», «Путин бізге патша емес!», «Путин – ұры!», «Чекистер билігі кетсін!» деген ұрандар көтерді. Бір кезде күзетімен шыға келген ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский жиналғандарға «бізге мұндай демократия керек емес» деген сарындағы «ақылын» айтты. Бұған шерушілер «Сайқымазақсың!», «Масқара!» деп айқайлап, алаңнан кетуін талап етті. Наразылармен сөзге келіп қалған Жириновский: «Мұнда Росгвардияның 10 мың сарбазын шақырып, сендерді құртып жіберемін», – деп ашуға мінді
Human Rights Watch: Қытай аз ұлттарды қудалауын тоқтатсын!Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы өз есебінде Қытай билігінің Шыңжаңдағы аз ұлттарды сотсыз қамап, азаптайтынына нақты дәлелдер келтіреді. Ұйым Қазақстан үкіметін этникалық қазақтарға араша түсіп, саяси баспана мен жеңілдетілген тәртіппен азаматтық беруге шақырады.
Қазақтан шыққан әлем чемпиондары жобасында Марат Сатыбалдиев. Таңсық спорттағы топжарған
«Жартылай финал басталар алдында олимпиада және әлем чемпионы, даниялық Фростпен кездесіп қалдым. Мені көре сала қолын ұсынды да, әлдене деді. Түсінбей, қасындағы тәржімешіге бұрылғанымша, ол: «Сеулге келгеніңде олимпиада алтынын алуың мүмкін еді. Сен Кеңес Одағындағы ең мықты велотрекшісің. Лионнан екеуміздің біріміз чемпион боп қайтуымыз керек», – деп аударып та үлгерді. Мен де ілтипат танытып, оның арқасынан қақтым. Құрметті оқырман, жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.
Тегтер:
Жарас КЕМЕЛЖАН
06:56
Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
Сайт әкімшілігі
20.03.2023, 21:37
ОСК төрағасы бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімін жариялады
Сайт әкімшілігі
20.03.2023, 20:16
ОСК сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады
Сайт әкімшілігі
20.03.2023, 16:16
Серік Күдебаевтың соты үшінші рет кейінге шегерілді
Арайлыи ЕРКЕБАЕВА
20.03.2023, 12:07
Қарағандыда өткен сайлау шумен аяқталды
Сайт әкімшілігі
20.03.2023, 08:27
Екінші Еxit poll нәтижесі жарияланды