Бұрынғы Денсаулық вице-министрі "500 миллион теңгені жымқырды" деген күдікке ілінді

Сайт әкімшілігі

21.09.2020, 15:01

377

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев 500 миллион теңгеден астам қаражатты ысырап қылды деген күдікке ілінді. Бұл туралы 21 қыркүйекте қаржы министрлігіне қарасты қаржыны бақылау комитетінің төрағасы Жанат Элиманов хабарлады.

«Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Әбішевке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол ақпараттық жүйе құруға бөлінген 500 миллион теңгеден астам қаражатты ысырап қалды деген күдікке ілінген. Сот санкциясымен қамауға алынған, тергеу жүріп жатыр» деді Элиманов.

Олжас Әбішевтің ұсталғаны туралы ақпарат тамыз айының басында шыққан. Сол кезде вице-министрдің ұсталуына байланысты сұрақтарға жауап берген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Әбішевтің шілде айында өз еркімен қызметінен кеткенін айтқан.

37 жастағы Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі болып 2018 жылы тағайындалған. Министрлікте цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:51
Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қазақстаннан көмек сұрады
Алмабек ЕРБОЛАТҰЛЫ 29.10.2020, 11:11
АЭС салу: пайда ма, әлде зиян ба?
Сайт әкімшілігі 29.10.2020, 11:08
Лукашенкоға шегінетін жер қалмады
Нұрбол СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ 29.10.2020, 10:29
Сот әділ болсын десек
Әділ КЕМЕҢГЕР 29.10.2020, 09:06
Түркі әлемі дүр сілкінейін деп отыр
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 10:32
Мәжіліс депутаттарына тікелей хат жазуға болатын арнайы сайт ашылды

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04