БҰҰ назар аударар еді

Амангелді СЕЙІТХАН

20.10.2020, 03:40

386

Осыдан дәл бес жыл бұрын,  яғни 2015 жылы қараша айында Ле-Буржеде БҰҰ  21- Конференциясы өтті. 150 елдің басшылары саммитке себеп болған басты мәселенің бірі – климаттық өзгерістерге қатысты жиынға келді. АҚШ президенті Барак Обама, Аляскадағы жағдайға алаңдаулы екенін айтып, адамзат баласы ендігі жерде табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыра алмаса, сан соғып қалатын кез жақындай түсетінін айтты. Қытай басшысы Си Цзиньпин де сөз алып, еліміз көмірді тұтынуды күрт азайтты деген мағынада әңгіме өрбітті. Бес жылдан кейін бұл оқиға біздің есімізге неге түсе қалды дейсіз бе? Әлем елдері БҰҰ жиыны барысында экологиялық мәселені түпкілікті шешу жолын іздеді. Рас, күннің күрт жылынуына заманауи даму қатты әсер етуде. Тың технология, тіпті ғарышқа жиі жол тартуымыздың өзі де айтарлықтай өзгеріс әкеледі. Оны тежеу тым қисынсыз, себебі жұмыр жер озық технологияны пайдаланбай отыра алмайды. Бірақ табиғатты аялауға әлі де мүмкіндік бар ғой. Мысалы, мына бір жағдай.

  Негізі, бәрі – айтушыдан. Жетесіне жеткізе түсіндірсе, мәселе біткеннің шешімі табылар еді. Тек, ынта болсын. Шешім қажет! Тап қазір дүниежүзін дүр сілкіндіруді ойлаудан аулақпыз. Бірден Біріккен Ұлттар Ұйымына да телефон соғуға құлықсызбыз. Тұтқаны іздерміз ау, нөмірін де табамыз. Әзірше құлақ иесін өз өлкемізден қарастыруды ойлаймыз. Шама келгенше, ішкі күшті пайдаланып, шешіп алу ғой.  Өзіміз де ептеп жолын табатын секілдіміз. Ол үшін алдымен, аса бір жанашырлық керек дегенді тілге тиек еттік. Ел билігі тарапынан бір көмектің болатынына сеніп.

  Айтыла бастады. Тыңдаушыдан үміт күтіп. «Тыңдайтын билік бар ғой» деген түсінікке сенген жұрт жайлайды сол өлкеде. Шу бойынан шу шығып кетпесін, тегі. Ушығып кетпесін, жағдай. Ауыл үдере көшеді ғой. Халық та паналар жер табар. Бірақ тұтас бір өлкенің обалы кімге? Апат өзге жаққа қауіп төндірмей ме? Осыны да еске алсақ болар еді..

  Турасын айтайық! Жамбыл облысында бірнеше ауылы экологиялық апаттың алдында тұр. Мойынқұм ауданындағы мыңдаған гектар жайылым мен шабындық жерлерді құм басып барады. Өйткені қазір Шу өзенінің бойында гидро-қондырғы жоқ. Су тапшылығы ғой, сол. Сондықтан жергілікті әкімдік алқаптарға арнаны бұру үшін қолдан бөгет жасайды. Бұл тәсіл экологияға қатты әсер етіп отыр. Тепе-теңдікті бұзып, табиғатқа орасан зор залал келіп жатқаны анық. Ал қолдан үйілетін,  жасанды дейсіз бе, маусымдық деп атайсыз ба, анау бөгенге жылда миллиондаған қаражат бөлінеді. Нәтижесі шамалы. Ауыл шаруашылығының тұралап қалмауы үшін, әсіресе жергілікті шаруаның қамын ойлағандықтан, анығында егін алқабын суғару үшін Шу өзініне алты жерден құлақ байланады. Яғни, қажетті бөгеттерді салу үшін өзен арнасына жылда 100 мың текше метрге жуық топырақ пен құм төгіледі. Оған аудандық бюджеттен жыл сайын 24 миллион теңгеге дейін қаражат бөлінетіні де мәлім болды. Маусым соңында бұзылады. Төгілген құм Шу арнасымен ағып отырып, шабындықты басып жатқан көрінеді. Өзен бойы шөлге айналып бара жатқанын жергілікті тұрғындар айтудай-ақ айтып жүр. Су жайылымға жетпейді. Жер кеуіп барады. Экологиялық апат. Мамандар ауданда он мың гектар жерді құм басып қалғанын айтыпты. Былай қарасаңыз, дабыл қағардай ештеңе байқалмай ма? Сонда қалай? Шу бойы енді қайтып жайқалмай ма? Табиғат тепе-теңдігі шайқалмай ма? Билік неге үнсіз? Әлде, жергілікті жұрт жеткізіп айта алмай ма?

  Мойынқұм жер момыны, момынның мұңын кім ойла

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 09:13
Қазақ мемлекеттігіне жаһандық қауіп төніп тұр
Қайнар ОЛЖАЙ 09:05
Тіл комитетінің тісі қышып бара жатса...
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 18:42
Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:54
Азаматтық форум онлайн форматта өтуде
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 09:23
Сындырып, қиратудан бюджетке 48 миллион теңге шығын келген
Сайт әкімшілігі 22.11.2020, 14:49
Байбек: Nur Otan-ға 5 жыл ішінде 1,2 млн. адам жүгінді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56