(фото) sputnik.kz
14.01.2021, 14:02
1202
Орталық сайлау комиссияның төрағасы Берік Имашев жаңадан сайланған депутаттардың куәліктерін тапсырды. Мәжілісменнің омырауға тағатын белгісін Дариға Назарбаева да алды.
Бүгінгі шараға біраз адам жиналды. Жаңадан сайланған депутаттар мен комиссия мүшелерінен бөлек бұқаралық ақпарат өкілдері де болды. Осыған байланысты қатаң сақтық шаралары қолға алынды. Сенаттың экс-төрағасы Дариға Назарбаева да барлық санитарлық талапты сақтады. Ал қара түсті бетпердесінде «Spread Love Not Virus» (Вирус емес — махаббат таратыңыз") деген жазу бар.
Комиссия төрағасы әрбір депутаттың куәлігі мен белгісін өзі тапсырды. Берік Имашев қолғаппен болды. Ешкіммен қол алысқан жоқ. Оның орнына әрбіреуін шынтақ тигізу арқылы құттықтады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР