Дәрігерлер қаза болған жол апаты: премьер-министр тапсырма берді

Сайт әкімшілігі

21.09.2022, 10:29

604

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды ​​облысында қаза болған дәрігерлердің отбасына көңіл айтып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді,

«Кеше кешкісін Қарағанды облысында қайғылы жағдай орын алғанын білесіздер. Сарышаған ауылының маңында жол апатынан 2 дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері зардап шекті», — премьер-министр.

Смайыловтың айтуынша, "Қазақмыс" компаниясының қызметкерлері медициналық тексеруден кейін қайтып келе жатқан.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ал, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулерін тілеймін. Премьер-министр кеңсесіне Үкіметтің таяудағы отырыстарының бірінің күн тәртібіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін енгізуді тапсырамын", — деді Әлихан Смайылов.

Еске салайық, Қарағанды облысында жол апатынан екі дәрігер қаза тауып, «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС Балқаш қалалық емханасының сегіз медицина қызметкері зардап шеккені хабарланған болатын. Дәрігерлер Балқаш қаласындағы "Қазақмыс" компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден өткізіп, қайтып келе жатқан. Олар мінген автобус МАЗ маркалы жүк автокөлігімен соқтығысып, жол апатына ұшыраған.

Тегтер: медицина сын пікір коронавирус

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 16:22
Қазақстан Абай облысы арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салады
Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 12:00
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды
Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 11:45
«Ұлы дала жорығы»: «AMANAT» партиясының қолдауымен бәйге-додасы мәреге жетті
Әділ КЕМЕҢГЕР 30.09.2022, 08:34
Даниалдар «дань» төлемейді!
Жарас КЕМЕЛЖАН 29.09.2022, 08:37
Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
Еркежан АРЫН 28.09.2022, 12:39
Республика күнінің маңызы зор

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37