05.08.2022, 15:02
2027
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қазақ тілін үйренуге ниетті екенін айтты, — деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұйым басшысы Алматыға бейресми сапармен келіп, Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен кездескен болатын.
«Бұған дейін Қазақстанда екі рет болдым. 2017 жылы алғаш рет Алматыға бардым. 2018 жылы дәрігер Төрегелді Шармановпен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференцияда кездестім. Ол кезде қазақтың құдасы емес едім. Біз 2022 жылы құдаластық, қуаныштымын. Осында менің Дәулет Тұрлыханов есімді құдам бар. Бұл Қазақстанның менің де үйім екенін білдіреді. Жақын арада немерем сөйлей бастайды. Онымен оның ана тілінде сөйлесуім керек», — деді ол.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР