Деміккен демократия: Қалай қазақыланамыз?

Жеңіс ТЕМІРХАН

03.12.2021, 08:49

1631

Еліміздің егемендігін шайқалтатын үлкен бір қауіп бар. Ол – елімізде қалыптасып отырған деміккен демографиялық ахуал. Деміккен дейтініміз – елдің солтүстік өңіріндегі облыстарда қазақтар саны әлі де орта деңгейге жете алмай отыр. Әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстік аудандарында 25-40 пайыздай ғана қазақ жұрты орналасқан. Демек, бұл өңірлерде орыстың (немесе славян тектілердің) әлі де болса көп болып, олардың мүддесі әрқашан қорғалатынын айтып, Ресей президенті В.Путиннің өзі шовинистік ұлыдержавалық сайқал саясаттың саңылауын әркез ашып қояды. Оны арқаланған дума депутаттары Жириновский, Федоров, Никонов сияқты саясаткерсымақтар «кезінде сыйға тартылған жерлерді қайтару керек», деп Қазақстанға қарап ұлып қоятыны, басқа да көптеген қитұрқы ұсыныстарымен онсыз да әупірімдеген қазақ-орыс қарым-қатынасын тығырыққа тіреуге апара жатқанын көріп отырмыз.

Бұл ретте, алысқа бармай-ақ, Украинадағы жағдайдың жобасы бізге де қолданылуы мүмкін екенін мамандар мен саясаткерлер жиі талқыға салып жүр. Себебі теріскейдегі алпауыт көршінің әртүрлі сылтаумен «шекара кеңейту, басып алу, бодандыққа тарту» сияқты сасық пиғылдары еш уақытта саналарынан шыққан емес және шықпайды да. Оған дәлел – Молдавиядағы Днестр маңайы, Грузияның бөлшектенуі, Украинаның Қырымнан айырылуы, шығысындағы екі облыстың бөліну қаупі, орыстар көп шоғырланған Одесса, Харьков, Днепропетровск т.б. аймақтарына көз алартуы сияқты әрекеттер бізді ешуақытта бейжай қалдырмауы керек. Демек, сары орысқа сену дегеніміз, қасқырға қой бақтырудан да сорақы көрініс болмақ. Себебі қазақ халқының сонау қарақшы Ермактан бермен қарай көріп келе жатқан жантүршігерлік зорлық-зомбылықтары, қорлық пен геноцидке ұшыратқан тұстары ұлт санасында мәңгілік қалары анық. Ал Ресей билігі өздерінің ғасырлар бойы қазақ жұртына көрсетіп келе жатқан сорақы қылықтары үшін бас иіп кешірім сұрауды былай қойып, сол қара ниеттерінен әлі де арылатын түрі жоқ. Ондай рақымды әрекетке олардың ішкі мәдени өресі жуық арада жетпейтін сияқты. Мысалы, неміс халқы өздерінің өткен ғасырдағы өрескел қылығы үшін еврей жұртынан кешірім сұрай алды, сөйтіп, өздерінің басқа ұлттарға деген жиіркенішті пиғылдарынан түбегейлі арылғанын көрсеткендей болған жоқ па? Міне, неміс халқының бұл қылығын өркениетке жетелейтін нағыз өнегелі ұлттық мәдениет деп айтуға болады.

Енді жоғарыда айтылған көршімізге деген сенімсіздікті шегелеп айту себебім – біз елімізде азғана уақыт ішінде, ары кетсе, он жылда солтүстік пен шығыста қазақтар санын 70 пайыздан асыра алмасақ, бұл өңірлерден айырылу қаупі еселеп артады. В.Путин енді бір он жыл орнында қала тұрса, мүмкін, бізді алдаусыратып, артығымызды алып, жоғымызға да жармасып, созылмалы саясатын ұстана тұрар, ал одан кейін Жириновскийлер сияқты қитұрқылар билікке келер болса, күнкөрісіміз күрт өзгеріп, бодандыққа қайтадан түсіп қалу қаупіміз еселене түсері анық. Сондықтан есі түзу әрбір қазақ және ұлтқа жанашыр билік болса, қазірден бастап күрделі түрде әрекет-қимылдар жасауы қажет.

 Биліктің соңғы жылдары қабылдап жатқан «Серпін», «Еңбек», «Нұрлы көш» т.б. аттары дардай, көзделген шалағай шаралары (көптеген бағдарламалар) басы бар, аяғы жоққа ұласып, илеуі қанбаған шикі құжаттар қатарында қоқысқа айналып жатқан жайы бар. Биліктің орта буыны жоғарыға «ондаған шаңырақ, жүздеген адам солтүстік өңірге көшіп жатыр, шеттегі қандастарымыз да елге оралып, санымызды көбейтуде», деген мардымсыз шолақ көрсеткіштерге мәз болып, дақпырт алақайға қолдарын соғып қояды. Мұндай алдамшы әрекеттер кімге керек? Әрине, ұлттық намыстан жұрдай шала қазақтарға, айналада болып жатқан құбылыстарға бейжай, немқұрайды, жайбарақат қарайтын ақымақтарға бұл көрсеткіштер әсер етпейді. Ал биліктегілердің қатарында осындайлар орын теуіп алса не болдық, әрине, құрыдық. Мысалға, Солтүстік Қазақстанның демографиялық жағдайын ең құрығанда, жартысынан асыруды көздесек, жылына 2000-2500 адам қоныс аударады дегеннің өзінде, бізге жүз жыл уақыт керек екен, ал ондай уақытты бізге ешкім ешқашан бермейді. Себебі жүз жылда кім бар, кім жоқ дегендей, Еуразияның келбеті бұл аралықта әлі мың құбылары анық, сонда біз қай ышқырда кететініміз белгісіз.

 Жарты әлем, оның ішінде, Еуропа елдері мен англо-саксон қауымдастығы тарапынан Ресейдің тоталитарлық жүйесіне және оның агрессиялық саяси іс-әрекеттеріне түбегейлі түрде қарсылық көрсетіп, жан-жақтан қыспаққа алуына қарағанда, сары орыстың санасы өзгеріп, райынан қайтатын уақыт алыс емес сияқты көрінгенімен, орыс пиғылының оң өзгеріске бұрылуы екіталай. Себебі біз білетін орыстың бүкіл болмысы тек басқыншылық, жаңа жерлерді игеру (агрессия) сияқты харам ниеттерге негізделген.

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, негізгі орыс халқының түп ниеті агрессивтік бағыттан алшақ болғанымен, оларды жауыздық қадамдарға итермелейтін әрдайым орыстың тонын жамылған басқа ұлт өкілдері. Мысалы, ана замандағы Троцкий, Молотов, Коганович, Киров, қазіргі Жириновский, Никонов, Богдасаров, күнде сайрайтын Соловьевтар кімдер? Соңғылары, тіпті, ашықтан-ашық екпінді түрде қитұрқы саясаттың агрессиялық түрлерін Ресей билігіне ұдайы ұсынып жатады. Ресей билігіне мұндай ұсыныстар ұнайтын сияқты, себебі «тәйт» деп басу айтқан билік өкілдерін, әзірге, көргеніміз жоқ. Сондықтан біздің билікке елдегі жүргізіліп жатқан шала-жансар демографиялық саясатты көпке созбақтамай, түбегейлі өзгерту қажет. Алла өзі сақтасын, ертең солтүстік өңірден айырылып қалатын жағдай туып қалса, біздің егемендігіміздің, қазақ болып қалыптасқан мемлекеттігіміздің құны бес-ақ тиын. Бұл тұста лепіріп жар салған барлық жеткен жетістігіміз жалған болып шығады. Егер біз болып, билік болып, бүкіл ел болып бес-он жылда қазақ халқының сан мен сапасын солтүстік өңір мен шығыста күрт өзгертпесек, украин бауырларымыздың еліне жасалып жатқан сорақы көріністерді біздің жерде де елестету оңай.

Баяғы заманда славян тектілер келіп, игерілген тың жерлер қазіргі заманда толық игерілмей, қайтадан қараусыз қалған жоқ па? Бұл жерлердің заңды иелері болғанымен, миллиондаған гектар алқаптар агроталаптарға сай игерілмей жатқанын көріп отырмыз. Олардың жерді қорлап жатқан шолақ әрекеттеріне қарап, жүрегің сыздайды. Келешекте біз аграрлық ел екенімізді дәлелдеп, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жағынан үлкен державаға айналғымыз келсе, баяғы тың өлкесін қайта жаңғыртуымыз керек. Ол үшін оңтүстіктегі қалың қазақтың ең кемі, миллионын теріскейге көшіру қажет. Қазіргідей жылына жүздеген адам емес, жүз мыңдап қоныстандырса ғана мәселе түбегейлі шешіледі.

  Демографиямызды оң бағытқа бұрудың басқа да жолдары баршылық. Қазір шеттегі қандастарымыздың елге оралу үрдісі мүлде тоқтады деуге болады. Бұл мәселені де БАҚ көздері шырылдап жазып та, айтып та жатыр, бірақ мыңқ еткен билікті әлі көрмей отырмыз. Біздің биліктің маңайындағылардың көбі бұл мәселеге немқұрайды, үстірт, шалағай, жартылай қарап, демографиялық, көші-қон сұрақтарын шешуге келгенде, бұрмалайтындар, кедергі келтіретіндер, созбақтайтындар қатарынан көрініп жатады. Бұл көріністі қалай түсінуге болады, олардың көбі орыстілді шала қазақтар ма, әлде ұлт тағдырына алаңдап, шырылдап жүрген Ауыт бауырымыз айтпақшы, жоғарыдағылардың көбі Қазақ елінің дұшпаны ретінде қастандақ жасап жатыр ма? Түсіну қиын, әйтеуір, бір үлкен тосқауылдар алдымыздан шығады да тұрады. Бұл тұста құлдық сана деген әр адамның ішіндегі кедергі ұлттық намысты тұншықтырып, ұлтжандылық қасиетімізді сыртқа шығармай жатқан жағдайдамыз. Осы тартыста намыс деген құдірет жеңіп, ертерек оянса, жоғарыдағы мәселелерді шешуге жол ашылар еді-ау.

Сөз соңында айтарым, ел болып, халық болып демографиялық жағдайымызды түзетуге атсалыспасақ, көп ұзамай, шаңырағымызды шайқалтатын сыртқы күштер төбе көрсете бастайтыны анық. Себебі біздің жерге көз алартып отырғандар Қазақ елінің әлсіреген тұсын күтіп, қолайлы уақытты тосуда. Сондықтан бәрімізге сақтық керек, шамамыз келгенше, солтүстік пен шығысқа бағытталған ұлы көшті қарқынды түрде жалғастырып, қауіпті өңірлерді тез арада қазақтандыру әр қазақтың ұранына айналуы қажет.

Тегтер: демография саясат халық ана бала

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:50
Тоқаевтың тапсырмасына саботаж жасалды
Сайт әкімшілігі 17:22
Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады
Сайт әкімшілігі 16:26
Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 14:43
Ертең Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді
Сайт әкімшілігі 13:08
Оператор РОП-тың басқарушы директоры өзіне қол жұмсады
Әділ АҚЫЛБАЙ 12:29
Мәә!!! Не деген байлық?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48