Депутаттар Үкіметтен халықты тезірек вакцинациялауды сұрады

Сайт әкімшілігі

16.09.2020, 12:49

453

Депутаттар Үкіметтен халықты тезірек вакцинациялауды сұрайды. Асқар Маминге жолданған депутаттық сауалды Зағипа Балиева бүгін Мәжіліс отырысында оқып берді. 

Оның айтуынша, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация пневмониямен сырқаттануды азайтып қана қоймай, коронавирустың едәуір жеңіл жүруіне әсер етеді.

Депутаттар вакцинациялауды Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен жүргізуді ұсынады.

— Біз бәріміз коронавирустан қорқып қалдық, бірақ әлемдегі барлық пневмониялардың ішінде COVID, тек 4-5% құрайды, ал қалған 95% басқа тектен шыққан. Атап айтқанда, пневмококктан. Пневмококктық вакцинасы 65 және одан жоғары жастағы барлық адамдарға салу керек. 19 жастан асқандар үшін — егер бұл адам қант диабетімен, өкпенің, бүйректің, бауырдың созылмалы ауруларымен ауырған болса. Пневмококктық вакцинациядан өті жоқ немесе кохлеарлы имплантантпен жүргендерді босатуға болады, — деді Балиева.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 7 айында республикамызда пневмококк инфекциясына қарсы жүйелі түрде вакцина егіліп келеді: бірінші вакцинация — 148,221 (1 жасқа дейінгі балалар санының 43,2%), екіншісі — 133 723 (1 жасқа дейінгі балалар санының 38,9%) және үшінші вакцинация — 137 554 (2 жасқа дейінгі балалар санының 40,6%) адам алды.

Коронавирустың қайта бой көтеру ықтималдылығын ескере отырып, онымен қатар жүретін инфекциялардан туындаған аурулар, мысалы, пневмококк, өмірге нақты қауіп төндіреді.

— Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация пневмониямен сырқаттанушылықты азайтып қана қоймай, коронавирустың едәуір жеңіл жүруіне ықпал етеді. Егер біз қазірден бастап жаппай вакцинация жасайтын болсақ, онда ертең жаңа ауруханалар салудың қажеті болмайды, — деп сөзін түйіндеді ол.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 18:41
Жерді шетелдіктерге жалға бермейміз - «Ауыл» партиясы
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 16:11
Праймериздің әсері: 40 мыңнан астам азамат Nur Otan-ға кірді
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 10:43
Nur Otan батыс өңірлеріне қатысты қандай уәде береді?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:48
Қазақстандық әуе компаниясы Ливияға қару-жарақ тасымалдады деп айыпталды
Сайт әкімшілігі 22.09.2020, 16:45
Nur Otan праймеризінде дауыс беруге 700 мыңға жуық адам тіркелді
Дос КӨШІМ 22.09.2020, 10:10
Бізге әкімдерді сайлау емес, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі керек

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27