Ей, үкімет, мақтансаң, ойланып мақтан!

Әділ АҚЫЛБАЙ

19.11.2021, 12:15

1627

Күні кеше үкімет басшысы Асқар Мамин тәуелсіздік жылдарының ішінде Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 17 есеге өсті деді. 

– Иә, тура солай, он жеті есеге өсті депті. Ал, есептейік: 1991 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 24,92 миллиард долларды құраған. Қазір 169,8 миллиард доллар. 169,8-ді 24,92-ге бөлсек, 6,8 деген сан шығады. Сөйтсек, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 91-ші жылдан бері 6,8 есеге ғана өскен екен. Мамин 17 есе деп дүңк еткізді. Басқа емес, үкімет басшысының өзі солай қателесіп отыр. 5 пайызға қателессең бір жөн, бірақ 250 пайызға қателесуге болмайтын шығар? Экономиканы қалай басқарып отыр бұлар? Басқа елде мұндай үкімет сөзсіз отставкаға кетуге мәжбүр болар еді.

Сосын «жалпы ішкі өнім пәленеше есеге өсті» дегенде азық-түліктің бағасы қанша есеге қымбаттағанын да халықтың есіне салып қойыңыздар! 93-ші жылы бір бөлке нанның бағасы 53 тиын болған. 2021-де 115 теңге болды. Әне, нанның өзі 216 есеге қымбаттапты! Содан бері ет 367 есеге, ұн 455 есеге, сүт 253 есеге қымбаттапты. Ал орташа жалақы отыз жылда небәрі 25 есеге өскен! Сонымен, 30 жылда ЖІӨ 6,8 пайызға өсіпті. Бұл да жаман емес, негізі. Бірақ мұны инфляциялық және девальвациялық үрдістермен бірге қарастырсақ, қуанатындай түгіміз жоқ. Өйткені халықтың табысының өсуі отыз жылдан бері инфляцияға мүлдем сәйкес емес екені бірден байқалады. Соның салдарынан халық кедейленіп барады, – деген екен саясаттанушы Санжар Боқаев.

Тегтер: үкімет отставка сын пікір пайым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіс ТЕМІРХАН 03.12.2021, 08:49
Деміккен демократия: Қалай қазақыланамыз?
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 15:50
14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 10:05
Сауранда бірнеше жүк көліктері соқтығысты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 02.12.2021, 09:05
Тәуелсіздік күнін неге үреймен күтеміз?
Әділ АҚЫЛБАЙ 02.12.2021, 09:02
«Оператор РОП» халықтың «үнін өшірді»
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 08:26
30 жылдың қорытындысы: Қарағандылық археологтар қазақ даласының қандай құпияларын ашты

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00