Экс-энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі болды

Сайт әкімшілігі

13.01.2022, 14:26

652

Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», — делінген Жарлықта.

Айта кетейік, энергетика министрі қызметінде Мағзұм Мырзағалиев 4 ай қызмет етті. 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап ведомствоны Болат Ақшолақов басқарады.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген. 

1999 жылы «Тұран» университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар саласындағы дипломатиялық академиясында оқыды. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «мұнай-газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек өтілін Теңіз кен орындарында және Батыс Сібірде бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер болып бастады, АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті.

2004-2007 жылдары MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының өндіріс жөніндегі менеджері — басшысы болып жұмыс істеді. 2010 жылға дейін " ТеңізСервис «ЖШС Бас директоры болып қызмет етті. 

2010-2012 жылдары — »ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, кейіннен "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдың қазан айынан бастап мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылдың тамыз айынан бастап Энергетика вице-министрі болды. "Құрмет" орденімен және екі медальмен марапатталған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 18:50
Тоқаевтың тапсырмасына саботаж жасалды
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 17:22
Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 16:26
Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 14:43
Ертең Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 13:08
Оператор РОП-тың басқарушы директоры өзіне қол жұмсады
Әділ АҚЫЛБАЙ 26.01.2022, 12:29
Мәә!!! Не деген байлық?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48