«ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды

Сайт әкімшілігі

09.08.2022, 08:49

3066

 Елордада «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағында орналасқан қос ғимарат су астында қалды. Толассыз жауған жауыннан қонақ үй мен университеттің іші көлге айналған. Мемлекеттің миллиардтарына салынған мақтаулы екі нысанға орасан зор шығын келгенін әлеуметтік желіде тараған әуесқой түсірілімнен байқауға болады,-деп хабарлайды Жас Алаш КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қатты жауын Astana IT University ғимаратының төбесін тесіп аққан. Салдарынан университет мүлкі бүлінді. Әскери формадағы ер-азаматтар оқу бөлмесіндегі компьютерлерді жинап әлек.

Ал Hilton Astana ультразаманауи қонақүйінің барлық қызметкері бір күнге еден жуушыға айналды. Желі қолданушылары қонақ үйден адамдар басқа орынға көшірлегенін айтады.

Шелектеп жауған жаңбырдан бас қаланың көшелері де көлге айналды. Кенесары көшесіндегі топан суды елордалықтар Ниагара сарқырамасына, Иманов көшесін Венецияға теңеп жатыр. Ал Сейфуллин көшесінің тұрғындары жаңбыр суының подъезге дейін кіргенін видеоға түсіріпті. Расымен, мұндағылар 10 жылдан бері толассыз жауған жаңбырдан, көктемдегі қар суынан зардап шегіп келеді. Су кешіп жүру көпқабатты үйлер салынғаннан кейін пайда болды дейді тұрғындар. Ал оны сорып алуға, кәріз жүйесін жаңартуға жергілікті басшылар қауқарсыз.

Саламат Айзатов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

— Екі үй салынды. Үш үйдің кәріз жүйесі бір құбырда, сосын кетпейді әрі қарай. Оны үлкейту керек. Жертөледен ылғи сасық иіс шығады. Жертөледе су толып тұрады. Көктемде қар еріп, суға толады.

Тегтер: ЭКСПО нысан қаржы қаражат шығын

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 09:53
Бүгін Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды
Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 08:57
ҰҚК Қазақстан мен Ресей шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді
Әділ АҚЫЛБАЙ 23.09.2022, 08:47
Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:16
Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:53
Сайлау-2022: бюллетендерде барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі болады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:48
Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41