Ел боламыз десек...

Қазақстан Республикасы Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға ашық хат 

Думан РАМАЗАН

20.10.2020, 03:32

508

Еліміздің ата заңында ар-ождан бастандығы туралы, дінге және діни нанымға байланысты кемсітуге болмайтындығы, сондай-ақ қандай дін болмасын, азаматтардың ерекшеліктеріне қарамастан тең құқылы екендігі жазылған. Осыған байланысты Қазақстанда көптеген дін мен діни ұйымдарды ресми түрде тiркеуден өткiзiп, заңды тұлға ретiнде алаңсыз өз дiндерiн уағыздаумен айналысуға  барлық жағдай жасалған.

Жалпы, елімізде үш мыңнан аса діни бiрлестiк заңды түрде тiркелiптi. Атап айтар болсақ, ислам, оның шиттiк және сүниттiк бағыттары, христиандық православиелiк, католиктiк, протестанттық бағыттары, олардың лютерандық, кальвинистiк, менониттiк, баптистiк, мормандық, адвентистiк, пятидесятниктiк, перфекционистiк, иегов куәлары сияқты толып жатқан салалары қатарласа өмiр сүрiп келедi. Еврейдiң иудаизмi мен оның модернистiк ағымдары, тiптi сионистiк салаларына дейiн кейде ашық, кейде жасырын жұмыс жүргiзiп жатыр. Буддизмнiң кришна және ламанизм сияқты түрлерi де сайран салып, ел қауіпсіздігіне қауіп төндіріп жүр. Соның салдарынан әр елдімекенде қазақтар ұйымдастырған "Құтқару жолы", "Үмiт жарығы", «Рахым» атты түрлерi, шетелдiк христиандық шiркеулер, қазақтың ұлттық христиан хоры, дiнiн сатқан мыңдаған қазақ христиан-баптистерi, қазақ иегова куәлары, қазақ пресвитериондары, қазақ кришнаидтерi сияқтылардың қатары күн өткен сайын көбеймесе, азаймай отыр. Ал тіркелмей, заңсыз жұмыс істеп жүрген діни ағымдар мен ұйымдар қаншама. Қазiргi кезде дүниежүзiнде болып жатқан  қарулы қақтығыстардың басым көпшiлiгiнiң ең басты себептерiнiң бiрi – дiни ағымдардың қарама-қайшылығы екенін ескерсек, бұның арты жақсылыққа апарып соқтырмасы бәсенеден белгілі. Осыларды көрiп-бiле отырып, сабақ алмауымыз өкiнiштi-ақ.

Елімізде де шетелдiк миссионерлер өздерiнiң дiни ағымдарын уағыздап, қазақтарды өзге дiнге үгiттеу жұмыстарын қызу қарқынмен жүргiзіп келеді. Саналуан діни кітаптар мен кітапшалар таратып, жас ұрпақтың бастарын айналдырып, саналарын улап жатыр. Осындай қитұрқы іс-әрекеттің салдарынан қазақтардың арасында да өзге дiндердi қабылдап, солардың жетегінде кетіп, уағызшысына айналғандардың қатары да күн өткен сайын көбейе түсуде. Бұған ғаламтордың да тигізер зияны мол. Діни сайттардағы ақпараттар мен мәліметтердің шамадан тыс көп әрі қолжетімді болуы діни экстремистік идеялардың таралуына кең жол ашуда. Сондықтан бұндай діни сайттарға белгілі дәрежеде шектеулер қойылып, олардың немен айналысатынын, қандай бағытта жұмыс істеп, нендей материалдар жариялайтынын анықтап, арам ойларының елімізге таралуына қатаң тиым салу керек.

Көптеген діни ұйымдар мен бірлестіктердің, неше түрлі ағымдардың мемлектіміздің шаңырағын шайқалту мен халқымызды іштен ірітіп-шіріту мақсатында жұмыс істейтінін бәріміз білеміз. Біле тұра, құқық қорғау орындары нақты шаралар қолданбай, шарасыздық танытып отыр. Өзге діндер мен діни ағымдарды дәріптеп жүрген шетелдік миссионерлерді Қазақстанның кез келген түкпірінен, әр елдімекеннен, әр көшеден, әр саябақтан көресіз. Өйткені ондай діни ұйымдар мен бірлестікетердің басым көпшілігі бейбітсүйгіштік қызмет түрлерін бетперде қылғандарымен, жасырын, астыртын, тіпті ашық түрде миссионерлік жұмыстармен айналысады. Соның кесірінен қаншама қаракөз ағайындарымыз жат пиғылдылардың алдап-арбауына еріп, құрған қақпандарына шырмалып, теріс жолға түсіп, айдың күннің аманында адасып жүр. Оларды әбден оқытып, саналарын әбден улап тастайды. Миссионерлік ұйымдарға кейбір шетелдердің мемлекеттік құрылымдары, қайырымдылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар материалдық және моральдық  тұрғыдан көмектесіп, бірлесе жұмыс жасайтыны да жасырын сыр емес. Міне, сондай өзге дін мен ағымдарға өткен қандастарымызды шетелдік қаржылық һәм миссиоерлік топтар мен күштер күні ертең өзімізге қарсы пайдаланбасына кім кепіл?! Бір қазақ қырық діни ағымға бөлініп,  қырықпышақ болып, бір- бірімізге қару кезеніп, атысып-шабысудан тайынбаспыз. Шетелдік миссионерлердің ойы да, мақсаттары да, көздегендері де – осы. Бұл қауіпті құбылыс күндердiң күнiнде ұлттығымыз бен елдiгiмiздiң түп-тамырына балта шабуы әбден мүмкiн. Еліміздің, ұлтымыздың, жас ұрпақтың тағдырын ойласақ, бұл мәселеге бейжай қарауға әсте болмайды. Сондықтан бұндай келеңсiздіктерге жол бермес үшiн, ең алдымен заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгiзу қажет.

 Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізден осындай жат пиғылды діни ұйымдар мен бірлестіктердің бәрін мұқият тексертіп, әр басқан қадамдарын жіті бақылауда ұстап, заңбұзушылықтар мен миссионерлікпен айналысатындарын қылмыстық жауапкершілікке тартуға пәрмен беруіңізді және осы бағытта Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігіне ерекше тапсырмалар жүктеуіңізді сұраймын!

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 09:13
Қазақ мемлекеттігіне жаһандық қауіп төніп тұр
Қайнар ОЛЖАЙ 09:05
Тіл комитетінің тісі қышып бара жатса...
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 18:42
Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:54
Азаматтық форум онлайн форматта өтуде
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 09:23
Сындырып, қиратудан бюджетке 48 миллион теңге шығын келген
Сайт әкімшілігі 22.11.2020, 14:49
Байбек: Nur Otan-ға 5 жыл ішінде 1,2 млн. адам жүгінді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56