«Еңбек ардагері» медалі неге уақытылы тағылмайды?

Айжан БҮРКІТБАЕВА

15.10.2020, 10:33

1385

Ұстазымызды ұлағаттап, қарттарымызды қадірлей алмай жатырмыз. Еңбегі еленбеген ердің еңсесін қашан биіктетеміз? Біздің елде неге екені белгісіз, тиесілі медальдар кешіктіріліп, ордендер орнын тауып үлгермегендерге тағылады.  Билігі барды мақтауға келгенде мәртпіз. Еңбегі сіңгенді мадақтауға асығыстық танытпаймыз.

Кеңес Одағы кезінде әйелдерді – 55, ерлерді – 60 жаста «Еңбек ардагері» медалімен зейнетке шығарып салатын еді. Медальдің құдіреттілігі– зейнеткерге қоғамдық көлікте тегін жүруге, электр энергиясын, пәтерақыны, ауызсу, ыстық су, қоқысты т.б.  50% мөлшерінде төлеуге мүмкіндік берген. Тәуелсіз елдің қариялары талай жыл мемлекетке қызмет етіп, зейнетке шықса да неге еңбектері еленбей жатыр?

Елімізде «Еңбек ардагері» медаліне қол жеткізу үшін еңбек өтілі 40 жылдан астам, бір салада 10 жылдан аса қызмет еткен, сондай-ақ еңбек жолында ең үздік көрсеткіштер көрсете білген зейнеткерлер мен еңбеккерлер болуы керек.

Осы тұста Нұр-Сұлтан қаласы адвокаттар алқасының мүшесі Шыңғыс Мұхамметрахымқұлұлы аталмыш медальді алу үшін не істеу керегін айтады:

 – «Еңбек ардагері» медаліне үміткердің кандитурасына қатысты жұмыс жасаған орнының басшылығы орталық мемлекеттік органның кадр қызметіне арнайы ұсыныс жіберуі тиіс. Ұсынысты арнайы Комиссия қарастырады. Марапаттау туралы ұсыныс енгізілген сәттен бастап, бір айдың ішінде шешім қабылданады. Егер заңда көрсетілген талаптарға ұсынушы тұлғаның негіздері сай келсе марапаттау беріледі. Егер мемлекеттік органның беделін түсіретін теріс қылық жасағаны, қызметтік борышын өрескел бұзғаны үшін жұмысынан босатылған, соттың заңды күшіне енген айыптау үкімінің болуына сәйкес, комиссия тұлғаны марапаттаудан айыра алады.

Алматы облысына қарасты Сарқан ауданының «Құрметті азаматы» Мырзахан Қабасов талаптарға сай келсе де, әлі күнге дейін «Еңбек ардагері» медалінен қағылып келеді. Ол еңбек жолын 1966 жылы Сарқан ауданындағы қазіргі әл-Фараби атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1989 жылы ауданға қарасты Қарабөгет ауылындағы «Қазақ тілі» жиналысында Мырзахан Қарабасов орыстілді жеті көшенің атауын қазақшалаған.  1994-1999 жылы Сарқан ауданының мәслихат депутаты қызметінде болған.  1998 жылдан бері Алматы қаласы Медеу ауданындағы  №98  мектептің математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 2000 жылы республикалық деңгейдегі мектепке арналған тест тапсырмаларын құрастырған ол  «Орта мектепке логарифм тақырыбын оқыту туралы», «Элементтер математикалық негізгі формулалары», «Алгебра және анализ бастамаларынан есептер жинағы», «Математикадан ҰБТ тапсырушыларға көмекші құрал» кітапшаларының авторы. Биыл мемлекетке  54 жыл қызмет етіп, зейнетке шыққан.

Жарты ғасыр жұмыс істеген уақытында Мырзахан Қабасов 1998 жылы Құрмет грамотосымен, 2017 жылы «Алаш ұстазы»,  «Ұлағатты ұстаз», «Ыбырай Алтынсарин», 2018 жылы Сарқан ауданына 90 жыл толуына орай «Сарқан ауданының «Құрметті азаматы» медалімен марапатталған.

 «Еңбек ардагері» медалін алу үшін қалалық әкімдіктің есігін қағып, өтініш жазғанымен, еңбеккердің еңбегі жылы жабылып қалған. Әлі күнге дейін әкімдіктің әйнегін күзетуге мәжбүр.

Осы тұста заңгер Сымбат Әбдірісілқызы былай деп пікір білдірді:

–Білуімше, қазіргі таңда «Еңбек ардагері» медалі берілмей жатыр. Әкімдік бұл мәселені қарастырып жатқан жоқ. Сол себептен, көптеген зейнеткер мен еңбеккерлердің сұранысы жауапсыз қалып жатыр. Кезінде «Ақ жол» партиясы осы мәселені көтерген болатын. Алайда одан өзгеріс болғанын көрген жоқпыз.

«Айтпаса – сөз атасы өледі» демейді ме? «Еңбек ардагері» медалі талаптарын толық қанағаттандырып тұрған зейнеткерге неге тиесілі марапаты тағылмайтындығы таңғалдырады. Үкімет шығындалудан қорқады ма, әлде зейнеткерлерге зейін бөлмейді ме, әйтеуір омырауға орындыа медальді уақытылы тағудан мақұрым.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:51
Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қазақстаннан көмек сұрады
Алмабек ЕРБОЛАТҰЛЫ 29.10.2020, 11:11
АЭС салу: пайда ма, әлде зиян ба?
Сайт әкімшілігі 29.10.2020, 11:08
Лукашенкоға шегінетін жер қалмады
Нұрбол СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ 29.10.2020, 10:29
Сот әділ болсын десек
Әділ КЕМЕҢГЕР 29.10.2020, 09:06
Түркі әлемі дүр сілкінейін деп отыр
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 10:32
Мәжіліс депутаттарына тікелей хат жазуға болатын арнайы сайт ашылды

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04