Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық

Айдын ОЛЖАЙ

23.06.2022, 09:11

4218

Жетпегені осы еді. Қазақстанның билігі енді Иран, Қытай және Үндістан азаматтары үшін визасыз тәртіп енгізуді жоспарлап жүр. «Қазақстан табиғатының әсем жерлері баршылық, оны қазақстандықтар ғана емес, қытайлар мен басқа да шетелдіктер тамашалай алсын» деген ниетпен. Бірақ Қытай, Иран, Үндістан деген елдердегі халықтың тұрмысы сонша бір жоғары емес қой?

Құмырсқадай қара нөпір халқы бар қиын елден әбден қажығандар үшін біздің Қазақстан деген өте жайлы жер. Ертең турист болып келіп алып, жұмысқа тұрып, қатын алып, азаматтық сұраса ше? Қазақстанның көпұлтты екенін айтып көп мақтанатын біздің билік азаматтықты бере салады-ау. Не сол азаматтық беретін жерде отырған бір жемқор көк құжатты сата салады-ау?!

Байқайсыз ба, әлемдегі ең дамыған, халқының тұрмысы аса жоғары елдер өз жеріне бөтен елдің адамдарын жолатпайды. Азаматтықты тіпті бермейді. АҚШ-та ешбір шетелдік заңға сәйкес келетін нақты негізі болмаса, жарты күн де жүре алмайды. Швеция, Норвегия, Дания, Исландия сияқты мемлекеттерде елдің байлығы мен жайлығын, бар игілігін сол елдің азаматтары ғана көреді. Халық санының шағын болғанынан дамып отыр. Өз жерін өзгелерден қорыштайды, қызығымыздың бәрін өзіміз көрейік деп.

Қазақта ондай неге жоқ? Қазақ үйіне қымбат тамақ әкелсе, оны өзінен бұрын қонағының аузына тосқыш еді. Бірақ жаһандық тұрғыда бұлай етуге болмайды. Содан шығар, өзгенің бәрі тоқ, қазақ қашан да аш келеді.

Украинадағы соғыс басталғалы бері Қазақстанға Ресейден 130 мыңнан астам азамат кірді. Ресеймен арадағы шекарада ұзын-сонар кезек тұр. Қазір Алматының орталығында ресейліктер өріп жүр. Кеше ғана Мәскеудің метросында құжынаған халықпен иін тіресіп әрең тұрып жүргендер «Алматыда адам аз екен» деп, мәз боп жүр. Қара қазақтың көбінің демалуға мұршасыз күйде қала сыртында, не қала шетінде қиналып жүргенін қайдан білсін? Қаламыздың ең көрікті жерлерінде қазақтан бұрын шетелдіктер көп жүреді. Алматының барахолкасында дәл қазір қанша қытай жүргенін, оның қаншасы ендігі Қазақстан азаматы екенін ешкім білмейді.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев айтыпты, азаматтары Қазақстанға визасыз кіретін елдердің санын жүзден асыруды жоспарлап отырмыз деп. Қазір ондай мәртебеге 74 мемлекет ие екен. Шетелдіктерге тіпті электронды виза бере бастаппыз. Биыл елге 1 миллионға дейін шетелдік турист келеді деп тон пішіпті. Әрине, шетелдіктердің турист болып келгені жақсы. Туризм деген табысты сала. Бірақ оның несібесі қазақтың бәріне теңдей тиіп жатқанына күмән мол.

Қысқасы, қазақ билігі елге, өз елінің қазағына шын жаны ашыса, шетелдіктерге азаматтық ұсыну мәселесіне қатал қабақпен қарауы керек. Шетелдіктің де «шетелдігі» бар екенін ұмытпай. Қазақстанның қызығын ең алдымен Қазақстанның адамдары көрсін деген қайырым қайда? Масқара болғанда, көп қазаққа шетелге барып демалғаннан, өзінің Қазақстанында демалуы қымбат болды, тіпті. Шаршайтын қазақ екен де, жатып алып демалып кететін шетелдік турист екен, ә?

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:48
AMANAT партиясы президенттікке өз кандидатын ұсынды
Сайт әкімшілігі 10:12
"Ұлы Дала Жорығы": Маңғыстаулық шабандоздар жеңімпаз атанды
Сайт әкімшілігі 05.10.2022, 15:02
Мария Захарованың шулы мәлімдемесіне еліміздің Сыртқы істер министрлігі жауап берді
Айнұр АБАЕВА 05.10.2022, 10:33
СҚО билігі халықты қашанғы алдайды?
Әділ АҚЫЛБАЙ 05.10.2022, 09:28
Ресей – өтірікшілер елі. Қазақстанға не жорық?
Сайт әкімшілігі 04.10.2022, 11:03
Сот Алматының ірі базарын мемлекетке қайтарды

Аңдатпа


  • Jusan-ды жусататын күн туа ма?
    06:13
  • «Назарбаевсыздандырумен» қашанғы алысамыз?
    06:12
  • Ұлттық идеологияда неге ұтылып жүрміз?
    06:11
  • «ҚОРАҒА» кірдік. Берешекке құмар үкіметте бедел қалды ма?!
    05.10.2022, 09:29
  • Ресей – өтірікшілер елі. Қазақстанға не жорық?
    05.10.2022, 09:28