Ертең Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді

Сайт әкімшілігі

26.01.2022, 14:43

1038

Жиырма жетінші қаңтар күні Nur Otan партиясы саяси кеңестің отырысын өткізеді. Nur Otan партиясы бейсенбі, 27 қаңтарда саяси кеңестің отырысын өткізеді. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

«Nur Otan» саяси кеңесі бюросының қаулысымен (Жарғының 9.5. тармағына сәйкес) 27 қаңтарда партияның саяси кеңесінің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды", — деп жазды ол Twitter-де.

Бұған дейін 28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі өтетіні хабарланған еді.

Еске салсақ, былтыр қараша айының соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеді.

Партия жарғысына сәйкес, төрағаны сайлау және қызметінен босату Nur Otan партиясы съезінің ерекше құзыретіне кіреді.

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай съезге дейін Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасы болып қала беретінін атап өтті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:05
«Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:00
Не істеу керек?
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 17:36
ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 16:30
Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 15:27
Тоқаев Қырғызстанға барады
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 18:47
«АМANAT» партиясы референдумды қолдау мақсатында Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесті

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56