Есің барда елің тап

Ресей Қазақстандағы орыстарды ақырындап жинап жатыр

Әділ АҚЫЛБАЙ

15.10.2020, 09:37

2421

Көрші Ресейдің билігі азаматтық беру тәртібін барған сайын жеңілдетіп жатыр. Енді Ресей паспортын алу оңай болды.

Бұрын Ресей төлқұжатын алу үшін ел аумағында бес жыл тұру керек деген талап болса, енді ол талап та жойылыпты. Ресей азаматтығын жеңіл жолменен кімдер ала алады десек, кәмелетке толған балалары Ресей азаматтығын алған барлық шетелдік ала алады екен. Олардың ішіне әрине, қазақстандықтар да кіреді.

Кезінде ұл-қыздарын ресейлік техникалық жоғары оқу орнына жіберген, кейін ол балалары Ресейде тұрақтап қалып, сол елдің азаматтығын алғандар Қазақстанда аз емес. Енді сондай ата-аналар Қазақстанды тастап, балаларының артынан барып, Ресей азаматтығын оңай алатын болды.

Жалпы, биыл қаңтар-маусым аралығында Қазақстаннан 10 977 адам кетіп қалғанын еске салайық. Қазақстанның қай өңірінен халық көптеп көшіп жатыр дегенде, алдымен Шығыс Қазақстан, Қостанай мен Павлодар облысы аталады.

Шынымен де, «Қазақстаннан кеткіштер» көбіне Ресейге кетеді: жыл басынан бері 9,5 мың адам «Путин, қайдасың?» деп тартқан екен.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.10.2020, 10:30
Жемқорлық: 9 саяси қызметкер отставкаға кетіп, 33 басшы жауапкершілікке тартылды
Сайт әкімшілігі 24.10.2020, 10:25
"Борат" фильміне қатысты АҚШ-тың Бас консулы алматылықтарға жауап берді
Сайт әкімшілігі 23.10.2020, 10:09
Алда - сайлау! Қамдана беріңіз!
Сайт әкімшілігі 23.10.2020, 09:30
Путин Таулы Қарабақтағы қақтығысқа қатысты пікірін айтты
Әділ АҚЫЛБАЙ 22.10.2020, 10:38
Жириновскийді түсінде шошытқан Жаңа Түрік империясы елес емес
Сайт әкімшілігі 22.10.2020, 09:33
Не тілі, не жері жоқ қазақ қайтіп күн көрер?

Аңдатпа


  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16