Ескі «Отан» есіркемеді, «Нұр Отан» жарылқамады

Жарас КЕМЕЛЖАН

28.01.2022, 16:22

1815

Халық шынайы өзгерісті қалайды. Отыз жылғы сартап жүйеден жұрт әлдеқашан шаршаған. Оның салдары «қаңтар оқиғасына» әкеліп соқты. Ресми билік құй мойындасын, мойындамасын, қаңтар қасіретінің негізгі себебі – халықтың өзгерісті талап өтуінен, әлеуметтік мәселеден туған бас көтеру… Міне, жұрт асыға күткен сол реформалар біртіндеп жасалып жатқан сияқты. Әуелі, халық шынайы өзгерістің болатынына аса сене қоймаған. Бірақ үкімет ауысып, іле-шала басқа да лауазымды тұлғалар орнынан алына бастаған соң, халықтың көңіліндегі күдік аздап сейілген сияқты.

Сол жылт еткен үміт ұшқынына Семей жақтан бір тал тамыздық келіп тисін. Бір сәтте «Нұр отан» партиясының 150 мүшесі партия қатарынан шығуға арыз жазыпты. Олар да түсінген шығар, Жаңа Қазақстан үшін ескі партияның қажеті болмайтынын. Қ.Тоқаев қаңтар қасіретінен кейінгі сөздерінде елде әлеуметтік-саяси өзгерістерді негіз еткен реформалардың жасалатынын бірнеше рет айтты. Демек, Семейдегі нұротандықтарға тиген «салқын» – сол саяси реформалардың жалғасы деген сөз. Ондай болса, бұл өзгеріс түбегейлі жасалғаны дұрыс. Бұл біздің ғана емес, жалпы халықтың қалауы. «Құрттың атын малта қойыпты» дегендей, кешегі «Отанның» бүгінгі «Нұр Отанға» айнала салғаны сияқты көзбояушылықтың қажеті жоқ. Шынайы реформа қажет. Шынайы реформа деген – Назарбаев пен оның жақындарына 30 жыл бойы шексіз билік берген «Нұр Отанның» атын ауыстыру немесе тонын теріс кигізу емес. Дара билікті нығайтқан партияны Қазақстан тарихынан мүлде сызып тастау деген сөз.

Реформа түбегейлі жасалмаса, сәбеттің коммунистік партиясының шапанынан шыққан шал-шауқандар қандай партия құрсаң да көсегесін көгертпейді. Ащы да болса ақиқат. Парламент сенаты «Қарттар үйіне» айналғалы қашан? Зейнетке шыққан әкім-қара, шенеуніктердің демалысқа кетер алдында аяқсуытар жері – сол сенат. Қалғып-мүлгіп отырып бірнеше миллион айлық алады. Одан арланып жатқан олоар жоқ. Ал мәжіліс ше? Сәжілістің басым көпшілігі тағы да «Нұр Отан» өкілдері. Олар алдарына келген заңды үнсіз мақұлдап, үнсіз қол қоюға бейім ләппайлар.

«Нұр Отанның» әуелдегі аты жақсы еді, «Отан» дегенде екі ұртың тола қалатын. Ол кезде нұры болмады. Бұл — 1999 жыл. Содан 7 жыл өткенде, яғни 2006 жылдың 22 желтоқсанында «Отан» партиясының X съезі өтіп, «Отан» республикалық саяси партиясын «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерте салды. Аты өзгергенмен заты қалды. Оның кімге, не үшін ауыстырылғанын тәпіштеп түсіндірудің қажеті шамалы шығар? Себебі, біздегі реформалардың дені тұңғыш президенттің көзіне түсіп қалу үшін «төрт аяқтап» жасалатын «көреген» реформалар...

Билік партиясын кім басқармады дейсіз?.. Әуелде, 1999 жылы «Отанның» бас бұйдасын Сергей ағай Терещенко ұстапты. Одан кейін, 2002 жылы Амангелді Ермегияев, 2005 жылы Бақытжан Жұмағұлов келген… Бәрін тізсек, Мәулен Әшімбаевқа дейінгі құлаштай тізімнің ішінде біраз дөкей жүр.

Осы күні биліктің майлы басында отырған мүйізі қарағайдай «көкелеріміздің» көбі – «Отанның» отын оттап, «Нұр отанның» нұрына шомылғандар. Араларында – Дархан Қалетаев, Нұрлан Нығматулин, Алматының қос әкімі – Бақытжан мен Бауыржан да бар. Ақыры тізген екенбіз, Асқар Мырзахметов пен Мұхтар Құл-Мұхаммедті де қоса кетейік. Олар да билік партияның нығаюына, сайлаудан дауыс ұрлауға, бір адамға шексіз билік беруге аянбай атсалысты.

Саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлерінің көбінің пікірі ұқсас. Олардың бәрі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Нұр Отан» партиясын таратып, парламентті бір партиялық жүйеден арылтуға кеңес береді. 28 қаңтар партияның кезектен тыс съезі. Партия құру да оңай емес. Қыруар қаржы, тиянақты бағдарлама керек. Біздің ой Президент ескі «Отанды» есіркеймін деп Жаңа Қазақстанға «Нұр Отанның» күйесін жұқтырып алмаса дейсің.

Тақырыпқа орай

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

Бейнелеп айтсақ, партия да өзгеріп тұратын организм. Әртүрлі саяси-әлеуметтік тенденцияларға байланысты партияның ішінде де әртүрлі дискуссия, әртүрлі көзқарас болып тұрады. Бұл қалыпты жағдай. Сол сияқты партияға адамдардың кіруі де, партия қатарынан азаматтардың шығуы да күнделікті саяси процесс. Одан соншалық сенсация жасаудық қажеті жоқ. Ал «Нұр отан» партиясы үлкен өзгерістің алдында тұр. Оны ашық айту керек! 28 қаңтар күні партияның съезі өтеді. Съезден кейін партияның елдегі саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелер бағытындағы жаңа көзқарасы анықталып, партия үлкен реформаны басынан кешеді. Сондықтан, менің ойымша, Қазақстанның саяси кеңістігінде «Нұр отан» партиясының рөлі ешқайда жоғалмайды. Керісінше, еліміздегі саяси реформаларды, әлеуметтік трансформацияларды іске асырудағы рөлі артатын болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:05
«Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:00
Не істеу керек?
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 17:36
ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 16:30
Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 15:27
Тоқаев Қырғызстанға барады
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 18:47
«АМANAT» партиясы референдумды қолдау мақсатында Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесті

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56