«Еститін мемлекет» құрамыз дегені қайда?

         Әлеуметтік желілер халық пен шындықтың соңғы қорғаны еді

Әділ АҚЫЛБАЙ

22.09.2021, 08:39

1151

     «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жөнінде заң жобасына түзетулер әзірлеудің басты себебі бізге жақсы белгілі»,  – дейді  сарапшы Қазбек Бейсебаев. Рас, әлеуметтік желілер мен осы бір мессенджерлер арқылы жалған ақпарат көптеп тарайтын болды, оларға шынымен бірдеңе қылу керек.

      Бұл тұрғыда біз Ресейдің ізін басып келеміз, биыл ақпан айында осыған ұқсас заң Ресейде қабылданған. Батыс елдерінде де әлеуметтік желілерге бағытталған өз заңдары бар. 2018 жылы Германия да әлеуметтік желілерді алауыздық тудыратын сөздер мен заңсыз контентті жоюға міндеттейтін заң қабылдады. АҚШ-та Трамптың тұсында әлеуметтік желілердің жұмысын реттеу туралы заңға қол қойылған. Былай қарасақ, бізде де әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді тарайтын ақпарат үшін жауап беруге міндеттемек сияқты.

      «Бірақ, меніңше, біздің қу билік аздап басқаша жолды таңдап отыр. Біріншіден, олар арнайы заң қабылдағысы келмейді, тек қолданыстағы заңға шетелдік мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді Қазақстанда тіркелуге мәжбүр ететін жекелеген норма енгізіп қоймақ. Қысқасы, Қазақстан билігі Facebook, WhatsApp, Telegram Viber және басқалары біздің елімізде өзінің өкілдігін ашпаса, оларды бұғаттап тастайын деп отыр. Бірақ біз отыз жыл бойы бұл билікті тым жақсы біліп алдық қой. «Балаларды кибербуллингтен қорғаймыз» деген желеуді жамылып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұғаттау ғой биліктің түпкі мақсаты. Өйткені билікке қарсы сын айтылатын, Қазақстан азаматтары өзінің балама пікірлерін еркін білдіретін жалғыз жер осы әлеуметтік желілер еді. Халық өзінің жанайқайын әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ғана билікке жеткізе алатын. Кеше ғана «халық үніне құлақ асайын» деген мемлекет енді бүгін өз халқының үнін естігісі келмейтін болып тұр. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінен еш қайыр жоқ, өйткені бұл заң жобасы авторларының бірі сол кеңестің мүшесі. Оның өзі бұл бастамасын мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жолында жасап отырмыз деп, көп сөзді көпіртіп жүр. Қысқасы, бұл заң жобасы қабылданса, Қазақстан халқы билікке өз басындағы мәселесін жеткізіп бере алатын жалғыз тіреуішінен айырылады. Сондықтан оян, азамат, ойлан, азамат!» – дейді сарапшы әлеуметтік желідегі жазбасында.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас ҚЫЛЫШ 10:20
«16 желтоқсан күні не құттықтай алмайсың, не көңіл айта алмайсың»
Алмас НҮСІП 08:56
Нығматулин Тоғжановқа тағы тиісті
Әділ АҚЫЛБАЙ 20.10.2021, 16:20
6 млрд доллар қайда?
Мариям МАҚСАТ 20.10.2021, 11:10
Арзан картоп арман болып қалар ма екен?
Ақылбек КҮРІШБАЕВ 20.10.2021, 09:11
Халық кедей, квота аз – бала қайтіп оқиды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 17:14
"Ауыл - Ел бесігі " ауылға пайда әкелді ме?

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31