Грузия президенті айлығынан бас тартты

15.01.2019, 00:05

297

Грузияның жаңадан сайланған президенті Саломе ЗУРАБИШВИЛИ өз еңбекақысынан бас тартып, жеке қорын құрғысы келеді екен. Бұл туралы Sputnik Georgia жазды. Зурабишвили бұл шешімін мемлекет басшысы ретінде өткізген тұңғыш баспасөз мәслихатында жеткізді.«Қазіргі күні президент қоры ескірді. Мен қайрымдылық пен басқа шараларға қатысу үшін қор ашудың жаңа формасын іздедім.  Франциядан зейнетақы аламын. Ол менің өз басыма жетеді. Сондықтан да айлығымды қорға салуды ұйғардым. Басқалар менің жолыммен жүреді деп ойлаймын», — деді Грузияның бесінші президенті.Мемлекет басшысының айтуынша, президент қорының жұмысы ашық жүргізіледі. Нені қаржыландыру керектігін көпшілік шешетін болады екен.Грузия тарихындағы тұңғыш әйел президент жуық араға дейін Грузия мен Францияның азаматы болып келген. Саясаткер 20 жыл Францияның СІМ-де түрлі лауазымды қызметтерді атқарды. Сайлауда 59,52 пайыз дауыспен жеңіске жеткен-ді. Ол өзінің алдағы атқаратын жұмыс жоспарымен де бөлісіп үлгерді. Президент Европалық Одақ пен НАТО-ға кіруге барын салмақ.Фото: tass.ru
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ АҚЫЛБАЙ 07:17
Ресей Путиннен қашан құтылады?
Сайт әкімшілігі 02.02.2023, 16:00
ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды
Сайт әкімшілігі 02.02.2023, 10:35
Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы
Нұрболат ӘЛДИБЕК 02.02.2023, 07:12
Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 17:45
Әсет Матаев парламент сайлауына қатысады: "Біздің буын көптеген мәселелерді шеше алады"
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 15:19
Мәртебелі фамилияңыз әділдікті қалпына келтіруге кедергі емес – Ерлан Саиров

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16