Халық санағын тоқтатыңдар!

Әділ КЕМЕҢГЕР

29.07.2021, 08:45

6297

«Қазақстанда кезекті халық санағының басталуына небәрі бір ай ғана уақыт қалды. Оған бюджеттен 8,2 миллиард теңге бөлінді. Ал 2009 жылы халық санағына бар-жоғы 1 миллиард 144 миллион теңге бөлінгенін білеміз. Тіпті ол ақшаның 70 пайызы ұрланғанын да білеміз. Тергеу дәлелдегендей, халық санағын жүргізуге іс жүзінде 379 миллион теңге жұмсалған. Қалған 764,8 миллион теңге ұрланып кеткен», – деп дабыл қақты саясаттанушы Санжар Боқаев. «Әрине, сұрақ туындайды», – дейді ол.

     «Бұл жолғы халық санағы не себепті жеті есеге қымбаттап шыға келді? Шындығында, қазақстандықтар туралы бар ақпарат ХҚКО, әділет министрлігі, мемлекеттік кірістер комитеті, ішкі істер министрлігі сияқты мемлекеттік органдардың базаларында баяғыдан тұр емес пе? Бәріміз мемлекеттік қызметтерге жүгінеміз. Ендеше халық санағы деп, мұндай ірі соманы бөлудің керегі қанша?

       «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің толық интеграциясы жүргізілді» деп мақтанған еді ғой үкімет. Расында, екі-ақ маман бір аптаның ішінде қазақстандықтар туралы барлық мәліметті жинақтай алады қазір. Атышулы цифрландыру қайда? «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына бөлінген 141 миллиард теңгеден ақшаның еш пайдасы болмағаны ма? Халықты санау деген оп-оңай жұмыстың шешімін таба алмаса, бізге цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі деген білдей министрліктің қажеті қанша?

       Сосын, соңғы күндері қанша адамның коронавирус жұқтырып жатқанын ескерсек, қолына анкета ұстап, үй-үйді аралайтын адамдардың ауру таратушы болуы мүмкін екенін білмей ме? Әй, бұларың не? Үй-үйді аралау деген сорақылықты дереу тоқтату керек! Солай-ақ 5 миллиард теңгені үнемдей салсаңыздаршы! Анкетамен бір ай бойы үйлерді аралап жүрген уақыт ішінде тағы талай қазақстандық дүниеге келеді емес пе? Олардың бір айда жинаған дерегі толық емес болып тұрады. Ал ақпараттық жүйелерде біз қанша адамның туғанын онлайн режимде көре алар едік.

       Неге екенін, біз бірақ ешқашан оңай, жеңіл жолдарды іздемейміз. Біз онсыз да белгілі нәрсеге миллиардтаған ақша шашайық деп отырмыз», – дейді Боқаев.    

Тегтер: халық санағы. ұлттық санақ тізім ұйымастыру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:15
«Самұрық-қазына» қорының 2021 ж. І жартыжылдығындағы қаржылық көрсеткіштері
Сайт әкімшілігі 12:00
Тоқаев БҰҰ саммитінде қандай мәлімдеме жасады?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 08:55
Жолдау ма, алдау ма?
Батыр ЖАСҰЛАН 03:09
«Қазақстанды екінші Украинаға айналдырғысы келеді»
Сайт әкімшілігі 23.09.2021, 18:54
Байбек: Жекелеген сайлауалды уәделер бойынша жыл соңына дейін орындалмай қалу қаупі бар
Мариям МАҚСАТ 23.09.2021, 14:30
Былапыт сөздермен былғанған шенеуніктер

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39