«Итке де бір сүйек қарыз» жағдайға жеттік

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

19.10.2021, 08:22

1666

Соңғы жылдары қазақ пен қарыз егіз ұғымға айналғандай. Халықтың банктерге, микроқаржылық ұйымдарға берешегі аздай,  еліміздің сыртқы қарызы да жыл санап артып барады. Мәселен, 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақ елінің сыртқы қарызы 167 млрд АҚШ долларын құрап отыр екен. Бірер жыл бұрын 132 млрд екенін естіп, шошып жүрген едік. Өзімізді «мұнай бағасы көтерілсе, еліміз еңсесін тіктесе, біртіндеп азайтып, құтылармыз, әйтеуір» деп жұбататын едік. Жоқ, қарыздың азаятын түрі жоқ, қайта жыл санап артып барады. 

Ұлттық банктің деректері бойынша биыл өткен жылмен салыстырғанда елдің сыртқы борышы 6,9 млрд долларға артық екен. Қазақстан қарыз алған мемлекеттердің қатарында Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Мексика, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты елдер де бар. Қарыздың ең көп көлемі Нидерланд еліне тиесілі екен – 44,7 млрд доллар. Бір жыл ішінде мемлекет бұл қарыздың 0,2 пайызын ғана қайтара алған.

Сондай-ақ Қазақстан Қытай алдындағы берешегінің 4,7 пайызын, Жапония алдындағы қарыздың 3,5 пайызын ғана азайта алған екен. Биыл елдің халықаралық ұйымдардан алған қарыз көлемі 15 пайызға, Ресейден 8,5 пайызға, Бермуд аралдарынан алған қарызы 7,3 пайызға, Ұлыбританиядан алған борышы 6,9 пайызға өскен. Сонымен қатар Виргин аралдарына 2,9 млрд доллар, БАӘ-ге 2,4 млрд доллар, Германияға 2,3 млрд доллар қарыз болса, Бразилия, Колумбия, Конго, Мавритания және Сирия алдындағы сыртқы қарызы 100 мың доллар шамасында екен.

Құзырлы орындар «еліміздің сыртқы қарызының 80 пайызы жеке саланың міндеттемелеріне тиесілі. Оған мемлекет те, қарапайым азаматтар да жауап бермейді, яғни сыртқы қарыз ел тұрғындарына ауыртпалық түсірмейді» деген. Алайда экономистер қарыздың еселенуі ұлттық экономика үшін тиімді емес екенін алға тартады. Ұлттық экономиканың айналып келіп, халықтың жағдайына әсер етері сөзсіз. Ұлттық қордағы қаржыға да аямай қол салып, ортайтып қойдық. Осындайда ен байлықтың үстінде отырып жарымағанымыз аздай, неге жыл өткен сайын қарызға батып жатырмыз деген заңды сауал туындайды.

«Күліп кіріп, жылап қайтатын» қарыз жыл өткен сайын көбейгеннің үстіне көбейіп, басты мәселемізге айналмаса болғаны...

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіс ТЕМІРХАН 03.12.2021, 08:49
Деміккен демократия: Қалай қазақыланамыз?
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 15:50
14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 10:05
Сауранда бірнеше жүк көліктері соқтығысты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 02.12.2021, 09:05
Тәуелсіздік күнін неге үреймен күтеміз?
Әділ АҚЫЛБАЙ 02.12.2021, 09:02
«Оператор РОП» халықтың «үнін өшірді»
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 08:26
30 жылдың қорытындысы: Қарағандылық археологтар қазақ даласының қандай құпияларын ашты

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00