Кәрім Мәсімов сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді

Сайт әкімшілігі

22.05.2023, 13:37

3180

Мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов сотқа аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Жас Алаш Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, іс әлі апелляциялық сотқа түспеген.

«Апелляциялық шағым түсті, бірақ іс апелляциялық сотқа әлі келіп түскен жоқ. Іс «Аса құпия» режимінде қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етілмейді», — деді қалалық сот.

Айта кетсек, Мәсімовпен бірге сотталған оның бұрынғы орынбасарлары да аппеляциялық шағым түсіргені хабарланды.

Еске салайық, биыл 24 сәуірде Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекет жасады, билікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп тартып алу және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған ҰҚК бастығының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұлов 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҰҚК төрағасының тағы бір экс-орынбасары Дәулет Ерғожин де билікті күштеп басып алып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 15 жылға бас бостандығынан айырылды. ҰҚК төрағасының үшінші бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов билігі мен өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Төртеуі де генерал атағы мен мемлекеттік наградаларынан айырылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 16.09.2023, 12:33
Ет туралы ертегі
Жарас Кемелжан 16.09.2023, 10:20
Нұрбек «мәселенің қараңғы түрін» біле ме?
Айгүл Баба 16.09.2023, 09:30
Сазда жатқан Ким балшықта отырған Путинге келді
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 10:30
Сот Арыстанбек Мұхамедиұлының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 10:30
Ұлттық басылымдарды жабылудан сақтап қалған Алтынбек еді...
Қуаныш Қаппас 14.09.2023, 10:00
Өрісі кең, жолы тар қазақ ураны

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55