"Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

21.11.2020, 11:05

4063

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Мемлекеттік кірістер комитеті жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне қатысты азаматтардың шағымдары шығып жатыр. Олардың бір парасы мемлекет алдында міндеттемелері болмаса да салық бойынша берешекті төлеу талабы туралы хабарламалар келгенін айтады. Ал, комитет өкілдері болса «жүйеде қателіктер болмайды» деп мәлімдейді. Олар құзырлы органдар берген деректерге сәйкес салық есептелінетін айтады.

Сонымен қызылордалық Бақытгүл Адамбаева Facebook парақшасында Қызылорда облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысына қатысты бірнеше мәселе көтеріпті. Оның айтуынша, ол өзінде жоқ көлік салығын төлеу туралы бірнеше рет хабарлама алған.

— Бірінші рет маған көлік салығын, яғни 869 теңге төлеу керек деген хабарлама келді. Қазір менде көлігім жоқ, сонда да қарыз төледім. Осыған орай әлеуметтік желіде пост жазып, кірістер департаментіне сілтеме жасадым. Олар өз кезегінде маған тағы да 2525 теңге төлеу керек деп жауап берді. Салық органына барып, бұл қарыздардың қайдан пайда болғанын білуге мәжбүр болдым, — дейді Бақытгүл.

Әр барған сайын бұл мекемеде халықтың өте көп болатынын байқаған ол тұрғындар осындай проблемалармен департамент қызметкерлеріне тікелей жүгінуге мәжбүр екенін айтады. Соңғы барғанында салық берешегі өздігінен жойылғанын да айтады.

— Қызметкермен әңгімелесу барысында фейсубктің тікелей эфирін қостым. Нәтижесінде менің «қарызым» жоғалды. Шынымды айтсам, мен олардың мұны қалай жасағанын түсінбедім. Егер мен түсінбейтін болсам, онда бәрі сол күйінде қалатын еді, — дейді ол.

Осындай жағдайға Қызылорда қаласының тағы бір тұрғыны Есет Дәрібаевта тап болыпты. Заңға сәйкес І топтағы мүгедек салықтан босатылған. Алайда, жақында ол көлік салығы бойынша қарызы бар екендігі туралы хабарлама алады. Ер адам өткен жылы оның атына екі көлік тіркелгенін мойындайды. Алайда, ол біреуін сатып, бірден жаңа иесінің атына рәсімдеген. Ал салықтың борышы қайдан шыққанын білмей дал болады.

— Сатылған көлік менді небары бір жарым ай ғана тіркелді. Осы уақыт ішінде қарыз 1846 теңгені құрауы мүмкін емес. Енді мен департаментке барып, мәселені түсінгім келеді. Бірақ онда адам қарасы көп, бұл менің денсаулығым үшін үлкен қауіп», — дейді Есет.

Мемлекеттік кірістер комитеті «жүйеде қателіктер болмайды» деп отыр. Олар ақпаратты құзыретті органдардан алғасын барып азаматтарға салық төлемдері жіберіледі дейді.

«Шынында да, қазір көптеген азаматтар ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысына шағымдануда. Алайда, статистика көрсеткендей, 90 пайыздан астамы салық төлеушінің кінәлі екендігін көрсетті. Кейде полиция департаменттері мен өңірлердегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары бізге дұрыс емес ақпарат жібереді. Мұндай жағдайларда түсінбеушіліктер бар. Қазір біздің Комитеттің сайты белсенді жұмыс істеуде және «eSalyq mobile» қосымшасы да жқмыс істеп тұр. Мұнда сіз салық берешегі туралы ақпаратты тексере аласыз. Біз салықты есептегенде көбіне мүмкіндігі шектеулі адамдар жеке жүгінеді. Көптеген жағдайларда бұл тексерулер барысында олардың мүгедектік мерзімі аяқталғаны белгілі болды. Азаматтар мұндай сәттерді ескеруі керек. Ешкімге артық салық есептелмейді», — деді ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Олжас Отар.

Тегтер: салық халық нарық төлем айыппұл

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 09:13
Қазақ мемлекеттігіне жаһандық қауіп төніп тұр
Қайнар ОЛЖАЙ 09:05
Тіл комитетінің тісі қышып бара жатса...
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 18:42
Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:54
Азаматтық форум онлайн форматта өтуде
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 09:23
Сындырып, қиратудан бюджетке 48 миллион теңге шығын келген
Сайт әкімшілігі 22.11.2020, 14:49
Байбек: Nur Otan-ға 5 жыл ішінде 1,2 млн. адам жүгінді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56