Косаревтің компартиясы да «ақидасын» өзгертті

Жарлы БАЙҒАНИН

19.11.2020, 09:15

1416

Қазақ елінің мүддесі талқыланатын тұста мүлгіп отыратын  мұңлықтар қатарындағы қарт коммунист 16 қарашада 83 жасқа толды.

Туған күнінен тура бес күн бұрын екінші мәрте (және мәңгілікке деп ойлайық) туын жыққан компартия кезектен тыс ХV съездерінде «коммунистік» деген сөзден бас тартып, шалға «үлкен сый» жасады.

Мәжілісте мал сойыла қалса, бас ұстайтын «қалаулы қарттар үйінің» қариясы бұл шешімге қанша қарсыласқанына қарамастан, партия мүшелерінің басым даусымен атауын өзгерткен ұйым Қазақстанның халық партиясы болып, «ақидасын» өзгертіп, тонын теріс айналдыра киіп шыға келді.

Бұл қойылымға ашуланған сыңай танытқан қарт коммунист: «Жоқ, әрине, мен оның құрамында қалмаймын. Олар бізден кетті, мені өздерінің жаңа партиясына шақырған жоқ. Мен партия атауын өзгертуге қарсы екенімді айттым, сол себепті олар басқа партия құрды. Мен коммунист болып қала беремін», – деп кіжінген сыңай танытады.

«Мен Қазақстанда коммунистік партия қалады деген шешім қабылдадым. Өйткені өзім сияқты партия құрамынан шыққандар жаңа партия құрамына кірген жоқ, коммунист болып қалды және біз партия ісін одан әрі жалғастыра береміз» деген сөзін «Жоқ, мен жаңа шақырылымның депутаты болмаймын» деп нақтылай түскен. Саяси дода науқаны алдында «ақидаларын» ауыстырып жатқан тек партиялар еместігіне назар аударсақ,  қаңтардың «қаһары» қатты болатын сияқты.

Кеше ғана коммунистердің атеист болғанын естен шығарғандай: «Біз Одақ құрамындамыз ғой, құдай-ау, не қарап отырмыз? Путин, Тоқаев неге үнсіз? Лукашенкоға неге көмектеспейді?» деп, құдайына сыйынғандай болған қария қиын жағдайда қалғандай ма, қалай?

Иә, компартиядан шығу деген баяғы КПСС құрамынан аластағандай, «ат қылып» жіберу дегенді білдірмесе керек. Тіпті қылшығы да қисая қоймас. Яғни бұл шалды аю секілді табанын сорып, қыс бойы тапжылмай ұйықтайды деген қасаң ойдан аулақ болған жөн.

1990-2004, 2012-16 және 2016-20 жылдар аралықтарында үш мәрте шақырылымның төрінде тыныш ұйықтаған кәрі депутатқа да бір тықырдың таянғаны ма, әлде айналдырған алты партияның атын ауыстырып аламанға қоса бергенше, жаңадан бір-екі партия болса да, тіркемей ме деп жүргендердің көңілін аулау үшін тіпті жаңа партияның көсемі ретінде көрініп қалуы да ғажап емесін  есте ұстаған жөн болар.

Бір қызығы, мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болған. «Әкесін сабағанды көріп жүрміз, бірақ арбаға байлап қойып сабағанды кім көрген?» демекші, қорғанысымыз бен қауіпсіздігімізді сеніп тапсырғандардың түрі мынау болса… Ұйықтап қалғандары да жөн шығар.

Тегтер: партия сайлау таңдау алты партия билік саясат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 09:13
Қазақ мемлекеттігіне жаһандық қауіп төніп тұр
Қайнар ОЛЖАЙ 09:05
Тіл комитетінің тісі қышып бара жатса...
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 18:42
Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:54
Азаматтық форум онлайн форматта өтуде
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 09:23
Сындырып, қиратудан бюджетке 48 миллион теңге шығын келген
Сайт әкімшілігі 22.11.2020, 14:49
Байбек: Nur Otan-ға 5 жыл ішінде 1,2 млн. адам жүгінді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56