«Көзір» күйді: Маминнің тағы бір өтірігі ашылды

Әділ АҚЫЛБАЙ

21.09.2021, 08:33

5282

Қазақстан билігі күні кешеге дейін өзінің көбіне құр сөз бен жалған сандардан тұратын экономикалық реформаларын тиімді жарнамалау үшін Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингін оңды-солды тықпалаумен келіп еді. Бірақ қас қылғанда енді Дүниежүзілік банк әлгі Doing Business деген рейтингін жариялаудан бас тартыпты.

Рас қой, мысалы, 2019 жылдың қараша айында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев немістің Deutsche Welle телерадиокомпаниясына берген сұхбатында Қазақстанның аса сәтті «нарықтық экономика» құрғанын, өйткені жаңағы Doing Business көрсеткіші бойынша республикамыздың әлем бойынша 25-орынға жайғасып, бизнес жүргізудің жайлылығы жағынан тіпті Ресейден озып кеткенімізді асқан мақтанышпен айтқан болатын.  

       2020 жылдың жазында үкімет отырысының селекторлық отырысында премьер-министр Асқар Мамин де Қазақстанның Doing Business рейтингіндегі 25-орнымен мақтанған еді.

      Осы бір «біртүрлі» жағдайға байланысты саясаттанушы Досым Сәтпаев өзінің пікірін білдірген екен:

    – Рас, Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингі Қазақстан үкіметі үшін мақтануға ыңғайлы болатын. Мамин әбден мақтанып еді, бизнес жүргізу жағдайын жақсарту жағынан Қазақстан үкіметі заңнамалық базаны, реттеушілік орта мен кедендік әкімшілік басқаруды үнемі жақсартып келіп, рейтингте әбден көтеріліп алды деп. Мамин әбден көсілген сол кезде, 2019 жылы Қазақстан үкіметі қабылдап, жүзеге асырған аса «ақылды» шаралардың арқасында біздің еліміз Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізудің жеңілдігін бағалайтын Doing Business рейтингінде әлем бойынша ең үздің 25 елдің қатарына еніп кетті деп, ал ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі, ойбай, тіпті 30,8 пайызға дейін өсіп кетті деп. Әй, осында бір гәп пен бәле бар дедім, ол расталды. Енді «е, бәсе» дейміз. Қазір анықталғандай, әлгі атышулы Doing Business рейтингін құрастыруда шынайы деректерді бұрмалау мен сандарды өтірік сайратуға жол беріліп, өрескел жалған құрастырылып келгені ашылып қалды. Үлкен дау шықты әлгі Doing Business рейтингіне қатысты.

      Айтпақшы, әлемнің көптеген сарапшылары бұған дейін де талай рет «бұл қалай, өзі» деп, Doing Business рейтингінің көп жағдайда Қазақстан тектес елдердегі нақты инвестициялық және іскерлік климат іс жүзінде мұндай емес сияқты еді ғой деп күмән келтірген-ді. Сонымен, бұл рейтинг әлде ақшаға сатыла ма, әлде бұлар инвестициялық және іскерлік климатты бағалауға атүсті қарай ма деген күдігін жасырмап еді. Енді сол рейтингтің таза өтірік екені расталды. Өйткені Дүниежүзілік банк Doing Business рейтингін жариялаудан бұдан былай бас тартты. Бұл нені білдіреді? Осы бір рейтингтің жойылуымен Қазақстан үкіметінің «жоқты» «бар» деп өтірік мақтанып келген ең бір сүйікті «көзір» картасы өлді. Қазақстанның шын экономикалық дамуынан бұрын, үкімет үшін елдің түрлі рейтингтердегі жоғары орны әлдеқайда маңыздырақ болып келгенін халық енді түсінуі тиіс. Дұрыс болды. Енді Мамин де түсінсін, ең бастысы, Қазақстанның шикізат сатушысы ғана болғаны емес, өз елінде шынайы орта тап құрып, елдің экс-президентіне аса жақын ат төбеліндей топтың емес, барша Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру әлдеқайда маңызды екенін, – деген екен сарапшы

Тегтер: үкімет отставка сын пікір пайым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.10.2021, 09:08
Халық санағы: «қолбала» мұғалімдерге жұмыс табылды
Олжас ҚЫЛЫШ 21.10.2021, 10:20
«16 желтоқсан күні не құттықтай алмайсың, не көңіл айта алмайсың»
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 21.10.2021, 08:57
Тоқаев тапсырмаса, Шөкеев те, Аймағамбетов те үнсіз
Алмас НҮСІП 21.10.2021, 08:56
Нығматулин Тоғжановқа тағы тиісті
Әділ АҚЫЛБАЙ 20.10.2021, 16:20
6 млрд доллар қайда?
Мариям МАҚСАТ 20.10.2021, 11:10
Арзан картоп арман болып қалар ма екен?

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31