Мамин мен Назарбаева Мәжіліс сайлауына қатыспақ

Сайт әкімшілігі

25.11.2020, 13:01

1588

Мәжіліс сайлауына түсетін үміткерлердің есімдері аталды.

Мәжіліс сайлауына ұсынылған партиялық тізімге Сенаттың бұрынғы төрағасы Дариға Назарбаева, қазіргі Премьер-министр Асқар Мамин, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те енді.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы бір жыл бұрын — 2020 жылдың мамырына дейін ҚР Сенатының төрағасы болған. 

Партияның «Жас Алашқа»  жіберген хабарламасында кандидаттардың жалпы тізімінде «Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері — 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды.

Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%. Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы, 11-і – ғылым кандидаты.

Тізімнің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды» деген. 

— Талдау көрсеткендей, өңірлік партиялық тізімдерде әйелдердің үлес саны 22-ден 34%-ке дейін, жастар – 3,5 есе, 7-ден 24%-ке дейін артты. Орташа жасы мәслихаттардың қызметтегі құрамымен салыстырғанда 7 жасқа – 51-ден 44-ке дейін жасарды.

Партиялық тізімдердің 24%-ін мәслихаттардың қызметтегі депутаттары құрайды, ал 76% – жаңа тұлғалар,-дейді париятының баспасөз хатшылығы.

Тегтер: сайлау партия Мәжіліс саясат пайым пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:10
Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 21.01.2021, 17:31
Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты пікір білдірді
Б.БЕКСҰЛТАНОВ 21.01.2021, 16:02
Сайлау өтті, ары қарай не болмақ?
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 21.01.2021, 11:26
"Екіншінің" екпіні Едігедей болмады
Батыр ЖАСҰЛАН 21.01.2021, 09:32
Мамин мықты премьер ме?
Досым СӘТБАЕВ 20.01.2021, 09:26
Мамин не үшін әлі отыр?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30