Ел вирустан қырылғанда үкімет жемқорлықтан көз ашпады ғой
20.01.2021, 09:26
3710
Қасым-Жомарт Тоқаев енді сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсы» деген таңдау енгізу мен партиялар үшін сайлану шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетуді ұсынды. Менің сұрағым бар: мұны осы өткен сайлауға дейін-ақ жасауға болмас па еді?
Тоқаевтың көп уақыты болды. Бірақ ниеті болмаған сияқты. Әлде президент келесі бес жылға дейін не патша өледі, не есек өледі деп отыр ма? 2019 жылғы даулы президент сайлауынан кейін президент тағы да әдемі уәделер беріп, жүйенің косметологы боп отыр ма?
Айтпақшы, аз күннен кейін тұңғыш президентіміздің кеткеніне екі жыл толады. Екі жылда екі рет жалған сайлау өтті. Мен 2019 жылдың 19 наурызында айтқанымдай, биліктің нағыз транзиті Назарбаев билік пен саяси сахнадан біржолата кеткеннен кейін ғана болады. Оның кезінде суперпрезиденттік жүйе болса, Ақордаға Тоқаев кіргелі жартылай президенттік жүйе орнады. Бұл жүйеде қазіргі президент билікте болады, бірақ билемейді. Парламентте «Nur Otan» одан сайын күшейді. Тұңғыш президент Нығматулинді де, Маминді де өз орнында қалдырды. Басқа – басқа, Асқар Мамин кетуі тиіс еді. Халық коронавирустан қырылып жатқанда бұл үкіметтің жемқорлықтан көз ашпағаны өтірік емес қой.
Бірақ бұл билік үшін бастысы – тиімділік емес, қарсы шықпау. Тура осы қағиданың кесірінен Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесі іске жарамсыз, қабілетсіз болып отыр. Әсіресе дағдарыс кезеңдерінде.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР