Мақсат Толықбай, Олжас Ордабаев, Саят Жөкен «AMANAT» партиясының қатарына қосылды

Сайт әкімшілігі

11.05.2022, 13:50

722

Бүгін «AMANAT»-тың Орталық аппаратында партияға салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, басқа да түрлі сала өкілдері және белсенді жастар «AMANAT» қатарын толықтырды.

Салтанатты рәсімді ашқан «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Асхат Оралов партия – бұл ең алдымен ортақ құндылық аясында біріккен мүдделес азаматтардың ұйымы екенін атап өтті.

«Қазір партия трансформациялану кезеңінде. Бұл ретте «AMANAT» еліміздің басты саяси күші және Мемлекет басшысының қоғамдағы тірегі болып қала береді. Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды саяси реформалар пакетін  жариялап, еліміз өзгерістер жолына түсті. Маусым айында жалпыхалықтық референдум өтеді және оған әрбір партия мүшесінің, әрбір азаматтың қатысуы – біздің ортақ борышымыз», деп атап өтті Асхат Оралов.

Атқарушы хатшы «AMANAT»-тың трансформациялауға қатысты жобаларын сапалы іске асыруға партияның жаңа мүшелері өз үлесі мен тың идеясын қосады деген сенім білдірді.Бүгін партия қатарына қосылғандардың арасында – тележурналист Мақсат Толықбай, «Talap» КЕАҚ президенті Олжас Ордабаев, «Әділет» республикалық қауымдастығының төрайымы Динара Құдайқұлова, «Қазақстан Халқына» Қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева, «Қорған» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Нұргүл Байқазақова, «Комфортстрой» ЖШС бас директоры Бекзат Мырзахмет және тағы басқалар бар.«Talap» КЕАҚ президенті Олжас Ордабаевтың пікірінше, бүгінде қоғам алдында үлкен сын-қатерлер тұр, оларды еңсеру үшін бірігу қажет.

«Сондықтан  «AMANAT» партиясына қосылу – бәріміз үшін де айтулы оқиға. Біз партия мен елді одан әрі көркейту үшін бар күш-жігерімізді саламыз», деді Олжас Ордабаев.

Өз кезегінде, тележурналист Мақсат Толықбай азаматтардың проблемаларын шешу үшін «AMANAT» партиясының зор әлеуеті бар екенін атап өтті.

«Маған түрлі мәселелермен жиі жүгінеді, журналист ретінде оларды қоғамға, мемлекеттік органдарға жеткізуге тырысамын. Енді партия қатарына қосылу арқылы менде оларды шешудің тағы бір құралы болады», — деді ол.«Біз барлық салада трансформация кезеңін бастан өткеріп жатырмыз және «AMANAT» партиясы осы істің алдыңғы шебінде тұр. Партия қатарына қосылу – бір жағынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашса, екінші жағынан үлкен жауапкершілік жүктейді», деді саясаттанушы, журналист Саят Жөкен.

«Жастар Алауы» қорының төрайымы Диляра Бегалықызы партия қатарына қосылу – еліміздің дамуына өз үлесін қосу үшін тағы бір мүмкіндік беретінін атап өттті.

«Жастар мемлекет пен қоғамның қозғаушы күші болуы тиіс. Дәл осы партия жастардың өмір сапасын арттырып, әлеуетін аша алатынына сенімдімін», деп өз ойымен бөлісті Диляра Бегалықызы.

Партия қатарына қабылдау «AMANAT»-тың барлық өңірдегі филиалдарында өтіп жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:05
«Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:00
Не істеу керек?
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 17:36
ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 16:30
Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 15:27
Тоқаев Қырғызстанға барады
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 18:47
«АМANAT» партиясы референдумды қолдау мақсатында Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесті

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56