Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді

Бұл ағын ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндірмей ме?

Жарас КЕМЕЛЖАН

12.05.2022, 08:30

2530

Биыл ақпан-сәуір аралығында Қазақстанға 128 мыңнан астам Ресей және 3 074 Украина азаматы келген көрінеді. Айналдырған үш-ақ айдың ішінде осынша адам кіргенде, жыл аяғына дейін бұл статистика, тіпті еселенері анық. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстыратын болсақ, бір жыл бұрын Қазақстанға 58 мыңнан астам Ресей азаматы және 2 617 Украина азаматы келген екен. Деректер өткен жылмен салыстырғанда, Ресейден келетін азаматтар ағыны екі есеге, ал Украинадан келетіндердің 15 пайызға артқанын байқатады.

Тәжік, өзбек, әзербайжан, қытай, қырғыз, түрік ағайындар да елімізге емін еркін кіріп, адам тасып, саудасын, кәсібін жасап жүр. Қызметіне ақша аударым арқылы ақысын төлеу кезінде, неше түрлі шығатын адам аттарына қарап-ақ олардың елімізде қаптап бара жатқанын аңғарасың. Бұл мәселеге халықтың алаңдаулы екенін әлеуметтік желіден де байқауға болады. Журналист Салтанат Әшірбай «2020 жылы болу керек. Жұмыстан кеш шығып, мың теңгеге таксиге тапсырыс бердім. Сонау сол жағалау, әдетте, мың теңгеге ешкім келіспейтін. Бес минутта бір нексия келісе кетті. Мен қуанып, офистан шықтым. Рөлде сақалы өсіп кеткен түрі кавказдық па, түсініксіз біреу отыр, қойшы, тоңып тұрмын, әйтеуір отырдым. Жол-жөнекей сұрадым: «неге мың теңгеге келістіңіз, өте арзан баға, рақмет», деп. Сөйтсем, ұлты дағыстандық ресейлік азамат қашып жүр екен. «Цены у вас я не знаю, временно у вас, закон нарушил и вот в побеге», деп ағынан жарылды. Оның әңгімесін естіген мен енді аузымды ашпай, тыныш отырдым. Үйге жеткенше, жанымды шүберекке түйіп...

Қазіргі кезде қалай? Такси шақырсам, ылғи орыс нөмірі. ...174, 774 деп кете береді. Индрайверде аты-жөні көрініп тұрады. Бірақ мен қазақ болмаса, таксиге мінбеймін, қорқамын. Мына соғыстың өршіп тұрғаны сонша, көрші ұлттың өкілі болса, маған бір агрессия қолданатындай, болып тұрады...

Кейде такси ұзақ күтсем де өзіміздің Сәкен, Асандармен барып жүрмін. Маған да жанымның саулығы керек...», – дейді.

Ал Мәди Сырымбет «Былтыр Астанада Өзбекстаннан келген таксист көбейіп кетті дегенді көп еститін едім. Кейінгі кезде Алматыда да яндекспен такси шақырсаң, тек өзбек келіп жүр. Біреуінен сұрап едім, әйелім екеуміз келдік Өзбекстаннан, құрылыстан осы такси дұрыс дейді. Әйелі нан пісіреді екен. Бір жағынан, өзбек, екінші жағынан, орыс қаптап жатыр. Қазақтар жұмыс таппай жүргенде, олар қалай жұмыс тауып жатыр?

Үш айда Ресейден 3.8 млн адам кеткен. Яғни үш айда Ресейден 20 жылда кететін халық кетіп қалған. Ал Қазақстанға Ресейден 3 айда 204 мың адам кірген. Олардың қаншасы қазақстандық, қаншасы ресейлік, қаншасы кетті, қаншасы қалды? Органдар нақты ақпарат беруі тиіс!» дейді. Расында, да елімізге келетін ресейліктердің өзінің бұрынғымен салыстырғанда, екі есеге өскенін ескерсек, жағдай алаңдатпай қоймайды.

Еліміздегі өмір сүріп жатқан жүзден астам ұлттың өкіліне алаңдап, әлі күнге ұлттық құндылықтарымызды түгендеп, тіліміздің еңсесін көтере алмай жатқанда, өз елінен қашқандар мен ниеті белгісіздердің қаптауы елімізге қауіп төнтірмей ме?! Шыны керек, мемлекетіміздің мұндай ағынға иммунитеті мықты болса, ештеңе уайымдамас едік. Алайда «бір орыс бар жерде орыс тілінде сөйлеуіміз керек», деп жүрген министрлер бар кезде ертең қазағымыз ағылған жұрттың қайсыбірінің тілін игеріп жүрмек?! Осы орайда, айта кетсек, сыртқы ықпалға қарсы тұратын, оның бетін қайтаратын ең басты құрал мемлекеттің тілі – қазақ тілі. Тіліміздің деңгейін көтерсек, мемлекеттің де деңгейі көтеріледі. Ал бұл бағытта осы үрдістің алдын алу үшін мемлекет, яғни билік, не істеп жатыр? Ұлттық қауіпсіздікке жауап беретін органдар да үнсіз...

Тегтер: Ресей Украина Қырым Донбасс саясат пайым пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:05
«Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:00
Не істеу керек?
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 17:36
ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 16:30
Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 15:27
Тоқаев Қырғызстанға барады
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 18:47
«АМANAT» партиясы референдумды қолдау мақсатында Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесті

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56