Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өтеді

Сайт әкімшілігі

20.01.2023, 15:45

1651

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде — 19 наурызда өтеді. Мұндай шешімді Орталық сайлау комиссиясы қабылдады.

«Мәжіліс депутаттарын да, барлық деңгейдегі мәслихаттарға да бір күні, 19 наурызда сайлау өткізу ұсынылады. Біз ОСК мүшелерімен бұл мәселені талқыладық. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкенттің аумақтық сайлау комиссияларына тиіс шаралар қабылдауды тапсырамын», — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров отырыс барысында.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы Президенттің Жарлығы негізінде тағайындайтынын және мәслихаттар өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс екенін айтты.

Тіркеу мерзімі 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін өтетіні нақтыланды. Сайлауалды үгіт тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінен бір күн бұрын жергілікті уақыты бойынша сағат 00-де аяқталады — 18 Ақпан 18:00-ден 18 наурыз 00:00-ге дейін.

Осылайша, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлаудың жалпы ұзақтығы тағайындалған күннен бастап дауыс беру күніне дейін 59 күн болады.

Тегтер: сайлау саясат Мәжіліс

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:00
ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды
Сайт әкімшілігі 10:35
Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы
Нұрболат ӘЛДИБЕК 07:12
Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 17:45
Әсет Матаев парламент сайлауына қатысады: "Біздің буын көптеген мәселелерді шеше алады"
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 15:19
Мәртебелі фамилияңыз әділдікті қалпына келтіруге кедергі емес – Ерлан Саиров
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 12:38
Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28