Мектеп оқушылары президенттің кітабын сатып алуға тиіс

28.03.2019, 17:11

209

Оқушы бақандай 20 долларға президент кітабын сатып алуға тиіс. Түркіменстан астанасы Ашхабадта мектеп оқушыларын президент Гурбангулы БЕРДІМҰХАМЕДОВ жазған кітаптарды сатып алып, мектепке өткізуге міндеттеп жатыр. Бұл туралы Азаттық Радиосы түркімен қызметі хабарлады.   Президенттің әр кітабы шамамен 400 манат (шамамен 20 доллар) тұрады."Өткен аптада №12, 48, 50, 54 және 160 орта мектептері көктемгі демалыста жүрген 10-11-сынып оқушыларын шақырып алып, әрбірін Бердімұхамедов жазған бір кітапты сатып алып келуге мәжбүрлеген. Мұғалімдер қай оқушы президенттің қай кітабын әкелуге міндеттелгені туралы тізім жасаған", деп хабарлайды Азаттық тілшісі.  Мұғалімдер ата-аналарға «енді мектептерде президент кітаптарының көрмесі ұдайы өтіп тұратынын» ескерткен мұғалімдер мұндай тапсырманың мектеп әкімшілігіне жоғары жақтан келіп түскенін айтыпты. Талапқа сәйкес оқушылар кітапты 1 мамырға дейін әкеліп өткізуге міндетті.Айта кету керек, Бердімұхамедов бұған дейін 40-тан аса кітап шығарған. Оның кітаптарының ішіндегі ең үлкені Түркіменсатндағы шипалы өсімдіктер жайлы он томдық еңбегі аталады. Басқа кітаптарында президент халықаралық саясат пен патриотизм туралы ойларынан бөлек, жылқы, белсенді өмір, өсімдіктер әлемі, тіпті, шайдың пайдасы туралы да баяндайды. Ең кереметі, мемлекеттік БАҚ бұл кітаптарды үздіксіз мақтап, насихаттап отырады. Күн сайын тұтас бір бөлімін эфирден оқиды.[caption id=«attachment_27309» align=«alignnone» width=«1023»]Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің қазақ тілінде басылған кітаптарының тұсаукесерінде.     Астана. 19 сәуір 2017 жыл.[/caption]Айта кету керек, Гурбангулы Бердімұхамедовтың үш кітабы қазақ тіліне аударылып, 2017 жылы салтанатты түрде тұсаукесері өткен. «Ақалтеке тұлпары — мақтанышымыз бен абыройымыз», «Тұлпардың шапшаң шабысы» және «Жас тұлпарлардың самғауы» деп аталатын бұл үш кітап Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен аударылған.Суреттер интернеттен алынды.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 13:20
Заңсыз байығандардың зәресі ұшып отыр
Жарас КЕМЕЛЖАН 19.01.2022, 10:10
Ерлан Саиров, саясаттанушы: Мемлекеттілікті сақтау, барлығымыздың басты миссиямыз!
Әділ АҚЫЛБАЙ 19.01.2022, 00:00
Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 18:50
Назарбаев халыққа үндеу жолдады
Дос КӨШІМ 18.01.2022, 17:20
Президентті қолдау деген сөзді билікті қолдау емес, мемлекетті қолдау деп түсіну керек
Жарлы БАЙҒАНИН 18.01.2022, 13:50
«Атамекен» кімнің ата мекені?

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38