«Мен президент бола алмаймын!» Неге?

Айдын ОЛЖАЙ

26.05.2022, 09:40

1555

Қазақ тілінің тағдыры шешілгелі жатыр. Әгәрәки, орыс тілі кез келген мәртебемен болсын, Қазақстанның Конституциясында бекітілген күйі қалса, онда қазақтың тілі де көп ұзамай, әлемдегі көптеген «өлі тілдердің» біріне айналады.

Ал қазақтар өзіндік мәдениеті бар ұлттар қатарынан шығып, кәдімгі азаматтық ұлтқа айналады да, қазақ халқы ұлттық кодынан біржола айырылады.

– Мәселен, тура осындай жағдай Қазақстандағы кәрістердің басынан өтті. Қазақстандағы кәрістер орысша есімге ауысты, өзі түгелдей, орыстың тіліне көшті. Афро-америкалықтар да сөйтті, олар ағылшынның тілі мен есімдерін қабылдады. Міне, қазақ та өз еліндегі кәрістің кебін кигелі тұр. Қазақ ұлтының орнын азаматтық қоғам түріндегі қазақстандық ұлт басады. Қазір Ресейден болсын, басқа елдерден болсын, Қазақстанға миграциялап, жан-жақтан көшіп келіп жатқан азаматтарды ескерсек, орыс тілі еліміздің әлеуметтік, қоғамдық-саяси өмірінен қазақ тілін әбден ығыстырып тынатыны анық. Қазақ өзінің «лингвистикалық есін» жоғалтады, деген үлкен қауіп бар. Кешегі КСРО заманында солай бола жаздап еді. Бірақ КСРО-ның дәуірімен салыстырғанда, қазір бұған саяси мәселе қосылып тұр. Мемлекеттік деңгейдегі коррупцияға, жаппай заңсыздық пен мемлекеттік мүдде тұрғысынан ойлауды тамырымен жоқ қылуға негізделген біздің саяси жүйеміз қазақ тілін дамытпақ түгілі, оны сақтап қалуға да септеспейді. Біздің билігіміздің экономикалық және технологиялық дамуға жоқ екенін былай да білеміз, ендеше, бұл жағдайда мәдени-рухани даму қайдан болсын? Қазақстан мемлекетінің ең осал тұсы осы, ұлттық бірегейлікті сақтау мәселесіне еш көңіл бөлмеуі. «Елбасысыз да бұрынғыдай өмір сүре беретін елбасизм» деген қазіргі жүйе тұрғанда, қазақтың төл мәдениеті мен тілі өліп тынады, өкінішті болса да, бұл факт, – дейді қазақ ғалымы Эльдар Кнар.

Айтпақшы, 2009 жылы енгізілген тағы бір конституциялық норма бар еді, ел президенті лауазымына үміткер бола алатын тұлғаның мемлекеттік қызметтегі бес жылдық өтіл-тәжірибесі болуы міндетті деген.

– Билікті узурпациялау, меншіктеу емей, не еді бұл? Бұл енді мемлекеттік төңкеріс, мемлекеттік қылмысқа жатады. Конституциямызда осы норма тұрғанда, қайдағы республика туралы айтуға болады? Бұл деген тап-таза бюрократияның диктатурасы… Елді шулатып жатқан референдумда неге осы норманы алып тастау атымен жоқ? Меніңше, ең алдымен, осы норманың көзін құрту керек! Осы бір сұм норманы кезінде енгізіп, соған дауыс бергендерді мемлекетке қарсы төңкеріс жасағандар және конституциялық қылмыс жасағандар ретінде танып, жауапкершілікке тарту да артық болмас еді. «Конституциядан «елбасы» түсінігін жоямыз» деп, қазақтың көңілін басқа бір жаққа аудармақ, бірақ коррупциялық және диктаторлық жүйе Ата заңда сақталып қалатын осындай нормамен Қазақстанның кез келген азаматының президент болуына тікелей тыйым салып отыр емес пе?!

Президент болу мүмкіндігі тек қана өз жүйесіне жағатын, өз жүйесінде өсіп-өнген, өзінен тәрбиеленіп шыққан бюрократтарға берілсін дегені бұл, – дейді ойын жалғастырған сарапшы.

Жә, кім білген? Бірақ ойда-жоқта ой-қырдағы қазақты дүрліктірген осы кезекті референдум деген жаппай науқаншылдықтың бар мақсаты боп шықпасын?

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.06.2022, 11:40
Алматыда БАҚ жөніндегі заңды қайта қарау барысында журналистердің мәртебесі талқыланды
Сайт әкімшілігі 25.06.2022, 11:35
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Есбол ҮСЕНҰЛЫ 24.06.2022, 14:10
Елбасыдан – ақсақалдыққа
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.06.2022, 09:10
Тоқаев тарапына ақпараттық соғыс басталғандай...
Әділ КЕМЕҢГЕР 24.06.2022, 09:05
Қазақтар қайда қарап келген?
Секен ЕЛШІБЕК 23.06.2022, 15:20
Біраз «жаңалық»

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33