Министр Цой, халықты қорқытуды қой!

Сайт әкімшілігі

16.09.2020, 09:29

4645

Қараша,  желтоқсанмен  сол бір екі ай,  қазаққа  қиын  тимек,  болжам солай

      Елде парламент  сайлауы  қашан  болатыны  айтылмаса да,  оның  биыл  жыл соңына  дейін  өтетіні  белгілі  болып  қалғандай. Себебі «Нұр  Отанның» праймериз додасын  іске қосуы,  өзге де партиялардың «кенеттен»  ұйқыдан  оянып, төрағаларының  ел аралай  бастауы соны меңзейді. Әрине,  мұның коронавирус індетіне не  байланысы  бар деп айтуыңыз  мүмкін. Байланыс бар  сияқты. Кейбір  сарапшылар «парламент  сайлауы келер  жылы емес,  алдағы  қазан,  қараша айларында  не  болмаса желтоқсанда  міндетті  түрде  өтеді.  Саясат  сахнасы қыз-қыз  қайнайын  деп  тұр. Билік осы бір кезеңнен  қорқақтап,  халықтың  назарын сайлаудан  гөрі  өзге  нәрсеге аударғысы келеді. Ол – коронавирус індетінің  екінші  толқыны.

    Өйткені күнкөрісі қиындаған,  пандемия  титықтатқан, әлеуметтік жағдайы шатқаяқтаған  жұрт парламенттік  сайлаудағы  әділетсіздікті тағы да көріп, көшеге  шығып, ТМД-ның  қайсыбір елдеріндегідей шерулетіп, билікке  қарсы митингілер  ұйымдастырып, ол жаппай  халықтық  сипат алып кете ме деп қорқады. Сондықтан билік  халықты көшеге   шығармай, үйқамақта  ұстау  үшін коронавирустың   «күтіліп  отырған»   екінші  толқыны  біріншіден де  қатерлі екенін жарнамалап  бағады»  дейді.

     Бір  қарасаң, сарапшылардың айтқандарында жан бар.  Мәселен, тегі  қазақ америкалық вирусолог-ғалым, медицина докторы Алмаз Шарманның жақында «Қазақстанда қараша айының басында 50 мыңға жуық адам COVID-19 індетін жұқтырып, күн сайын 80-100 адам қайтыс болады» деп болжам жасағаны бар. Осыны арқаланған денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың «Қараша-желтоқсан айларында  науқастар  саны өсуі мүмкін  деп  отырмыз. Бұл екінші толқын болуымен  байланысты. Сондай-ақ  жедел респираторлық  инфекциялар  мен тұмаумен  байланысты»  деп мәлімдеме  жасауы халықтың  үрейін  одан әрі ұшыра  түскендей. Бір  сөзбен айтқанда, шілдеде шыбынша  қырылған қазақ  қарашада  тағы  қырылады дегенге меңзеп  тұрғандай.

    Алмаз  Шарман мен Алексей Цойдың  бірінің сөзін  бірі әртүрлі сипатта  қайталауы кездейсоқтық емес сияқты. Ол екеуінің айтқандарының  өзегінде астарлы  саясаттың  жатқаны көрініп қалғандай. Бәлкім,  биліктің  ишарасы солай  болған  шығар. «Қараша,  желтоқсанмен сол  бір екі ай» демекші, осы екі айда «пәленбай адам ауру  жұқтырып,  пәленбай адам өледі» деген  алыпқашпа сәуегей  әңгімелер  әлеуметтік  желіде де  желдей  есіп  тұр. Әйтеуір, халықты  қорқыту,  үрейге  тұншықтыру. Мұндай  бейсауыт, халықтың жүйкесін  тоздырып, қан  қысымын арттыратын әңгімелерге тоқтау  салатын, тіпті жалған ақпарат таратып  отырғандарды заңмен  жазалайтын  кез келген  сияқты. Кім де  болсын жазадан (Қылмыстық кодекс, 274-бап) құтылмауы  тиіс.

   Әрине, Алмаз  Шарман Вашингтон университетінің Chris Murray моделіне сәйкес,  болжам жасап  отыр.  Ал  қалғандарына   не  жорық?  Алайда айтқымыз келгені  бұл  емес. Жалған ақпарат  таратып, халықтың  үрейін алғандарды  қалай  жазалау керектігі  жөнінде алдағы  мақалаларымызда  жаза  жатармыз, әзірге тілге  тиек етіп  отырғанымыз парламент  сайлауы мен коронавирус  індетінің  байланысы   жөнінде  болғандықтан, соған қайтып  оралайық. 

     Тағы  да   сарапшылардың айтқанына  жүгінетін  болсақ, «Көрші  Қытай  мен  Ресейде  оқушылар  мектепке  барып жатыр. Бізде  әлі онлайн. Мұның  сыры белгілі. Билік коронавирусты  алға  тарта  отырып,  осы  пандемия кезіндегі карантинде   парламент  сайлауын да онлайн  түрде  ың-шыңсыз  өткізіп жібермек. Бар  гәп  осында  жатыр. «Іс  бітті,  қу  кетті»  деген  осы  болмақ. Қысқасы,  билік халықтың  үрейін алған  індетті  де  өздерінің мүддесі үшін осылай   саясатқа  айналдырып әлек»  деседі  олар. Демек, коронавирустың  екінші  толқыны  билік  үшін «үлкен  олжа»  болмақшы. Сарапшы қауымы  осылай  деседі.  Ал  бұған  біздің  алып-қосарымыз  жоқ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:17
Қожахметов ДСМ ресми өкілі қызметінен босатылды
Сайт әкімшілігі 09:51
Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қазақстаннан көмек сұрады
Алмабек ЕРБОЛАТҰЛЫ 29.10.2020, 11:11
АЭС салу: пайда ма, әлде зиян ба?
Сайт әкімшілігі 29.10.2020, 11:08
Лукашенкоға шегінетін жер қалмады
Нұрбол СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ 29.10.2020, 10:29
Сот әділ болсын десек
Әділ КЕМЕҢГЕР 29.10.2020, 09:06
Түркі әлемі дүр сілкінейін деп отыр

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04