Министр Сүлейменов Сағынтаевтың сұрақтарына жауап бере алмады

16.01.2018, 20:19

173

Үкіметтің 16-қаңтар күнгі отырысында жекешелендірудің кешенді жоспарының ағымдағы орындалу барысы туралы мәселе қаралды.

Қазіргі уақытта Үкіметтің қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары 904 объектіні қамтиды. Олардың 876 объектісі туралы толық ақпараттар gosreestr.kz веб-порталына шығарылды.

Бүгінгі таңда 2 жыл ішінде Кешенді жоспардың 476 объектісі сауда-саттыққа шығарылып, 367-сі сатылды. Сату бағасы 164 млрд. теңгені құрады. Бұдан басқа, 255 объекті қайта ұйымдастырылу және таратылу сатысында. 2017 жылы сауда-саттыққа шығаруға 463 объекті жоспарланған. Жоспар 97 пайызға орындалды.

Дегенменде, қаржы министрі Б. Сұлтанов жекешелендіру мәселесінде кейбір заңсыздықтардың орын алып отырғанын, кейбір әкімдіктерде бұл жұмыстың дұрыс жүрмей отырғанын баса айтты.

Сондай-ақ, осы мәселе бойынша қосымша баяндама жасаған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов премьер-министрдің сұрақтарына жауап таппай шатасып, қосымша уақыт ішінде мәселені анықтайтынын жеткізді. Үкімет жетекшісі министрден «жекешелендірудің тізімінде жаңа компаниялар бар ма?» деп сұраған болатын. Министр «Бар, 168 жаңа компания қосылды» деп жауап қатты.

– Онда инвентеризацияны неге жасадық? Біз бір қолымызбен қысқарттық, екінші қолымызбен қайтадан жаңасын құрдық. Біз жекешелендірілетін нысандарды инвентеризация жасап, тізбесін жасап қойдық емес пе? Енді жаңа қомпаниялар қайдан пайда болды? – деп ашуланды Бақытжан Сағынтаев.

Министр Тимур Сүлейменов үкімет жетекшісінің бұл сұрақтарына мардымды жауап бере алмай, қайта-қайта қолындағы қағаздарына шұқшиып, әбден шатасты. Айтқан сөздері үйлеспеді. Шынын айтқанда министрдің өзі де мәселені дұрыс түсінбей тұрғандай боп көрінді. Ақырында Т. Сүлейменов мән-жайды нақты анықтау үшін қосымша уақыт сұрады.

– Сіз бүгін баяндама жасауға дайындалып келдіңіз. Осыдан барып қол астыңдағы қызметкерлеріңізден анықтама сұрағаннан гөрі осының бәрі басыңызда болуы керек еді ғой. Міне, сондықтан сізде жаңа компаниялар пайда болып отыр. Өйткені ешқандай бақылау жоқ. Ойына келгендерін істейді, – деп Бақытжан Сағынтаев министрдің жауабына қанағаттанбады.

Оралхан Дәуіт
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17.09.2021, 16:00
"Бізге үлкен ойындар қажет емес". Тоқаев ШЫҰ саммитінде не айтты?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 17.09.2021, 14:00
Цой қайда қарап отыр?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 16.09.2021, 15:00
Байахметов баспанасы жоқ әкімді енді байқады
Батыр ЖАСҰЛАН 16.09.2021, 07:54
Мусин Тәуелсіздігімізді Ресейге сыйлады ма?
Сайт әкімшілігі 15.09.2021, 14:25
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер тіркелуге міндеттелуі мүмкін
Шәріп ИШМҰХАМЕДОВ 14.09.2021, 07:50
Ресейдегі «күзгі асқыну» немесе оның «мәңгілік достарына» деген қамқорлығы

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39