Мұхтар Түменбай: Бұл әзілдейтін нәрсе емес!

Сайт әкімшілігі

11.05.2021, 11:39

1803

«Вакцина салдырғандарға 1000 теңгеден төлейік» деген ұсыныс тастады «Хақ» қоғамдық қозғалысының жетекшісі, ел ішінде депутат Бекболат Тілеуханның келіні ретінде көбірек танымал Тоғжан Қожалы. «Елді ақшамен ынталандыру керек, сонда халық жаппай вакцинацияға келіседі» деп жазыпты қоғам белсендісі. Жазып қана қоймай, пост басына ел президентін тег-теп қойыпты.

Бұл не, сонда? Әзіл ме?

 Егер әзіл болса, өте сәтсіз шыққан әзіл. Кекесінге көбірек ұқсайды. Халықты өз пайдасын білмейтін, тек-тегін жеммен қызықтыруға болатын санасыз тобырға балағандай. Ал егер шын айтып отырса, онда тап-таза популизм. Онсыз да ол вакциналар қып-қызыл ақшаға сатып алынып, ел тұрғындарына тегін егіліп жатыр. Соның өзі бірталай көмек. Одан да үкіметтің маска мен санитайзерлерді тегін таратуды қолға алғаны жаман болмас еді. Себебі пандемияның өршуіне қауіпсіздік шараларын дұрыс ұйымдастыра алмаған, бар дәрі-дәрмекті саудаға шығармай, қоймаларда тығып қоюға жол берген, тіпті қарапайым маскалармен қамтамасыз ете алмаған үкіметтің де кінәсі бар. Неге халық тапқан-таянған азын-аулақ ақшасын балаларының аузынан жырып, соған жұмсауы тиіс?

       Бір қарағанда көп ақша емес сияқты болып көрінуі мүмкін. Ал, шындығында, солай ма? Санап көрейік. Пандемияның етек алғанына, міне, екінші жыл кетіп барады. Вирустың қарқынына қарағанда әлі де бірталайға созылатын секілді. Орта есеппен бір отбасында бес адам бар деп есептегеннің өзінде, күніне тек маскаға 125-200 теңге кетеді. Енді соны екі жылға, яғни 730 күнге көбейтіңіз. Қомақты сома шығады – 146 мың теңге. Оған енді санитайзерлерді қосыңыз. Тағы шамамен сонша ақша. 146 000+146 000 = 292 000. Енді соңғы математикалық есеп. Елде ең кемі 3 млн отбасы бар. 292 мыңды 3 миллионға көбейтіңіз. Есептемей-ақ қойыңыздар. 876 млрд теңге шығады. Триллионға жетеғабыл. Міне, қайда жатыр халық шығыны. Ал оны кім өтейді? Адами шығынды айтпай-ақ қойдым. Олардың құны тіпті де өлшеусіз. Бір сөзбен айтқанда, пандемия мен одан туған қауіп әзілдейтін нәрсе емес. Ал вакцинация – тұтастай ұлт қауіпсіздігі мәселесі.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыр ЖАСҰЛАН 10.06.2021, 08:49
«Медаль алғыш» Мамин міз бақпай отыра бере ме?
Әділ КЕМЕҢГЕР 10.06.2021, 08:44
Біз бұларға қалай сенеміз?
Батыр ЖАСҰЛАН 08.06.2021, 08:45
Мәскеудің лас ойынына біз неге араласуымыз керек?
Әділ АҚЫЛБАЙ 04.06.2021, 08:57
Әй, «Самұрық-Қазына»! Халықтың ақшасын қашанға дейін шаша бересің?
Сайт әкімшілігі 04.06.2021, 08:44
Сең қозғалған секілді
Батыр ЖАСҰЛАН 03.06.2021, 09:02
Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02