Мусин мырза, «+997-нің» артына тығылмаңыз!

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ

23.09.2021, 09:00

1038

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздің цифрлық платформасы ресейлік «Сбер» компаниясына өтуіне байланысты жақында қоғам наразылығына қалған болатын. О баста «Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесі – 400 түрлі ақпараттық жүйені біріктірген электронды үкіметті – ресейлік «Сбер» платформасына ауыстыруға шамамен 500 миллион доллар қажет» деп айтарын айтып алып, халық қарсы шыққанда біресе мың құбылтып түсініктеме беріп, біресе блогерлер жалдап әбіргерге түскен министр бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

«Жақсы жаңалық!  БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда шетелдіктердің телефонында «Қазақстан» деген жазу шығады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлық сервистерді қолданғанда да барлық жерде «Қазақстан» деген сигнал шығады. Кезінде КСРО тарағанда +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген болатын. Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен  бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды резервке қойылды. Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр», – дейді министр.

Мұны көріп, әлеуметтік желіде халық сүйіншілей жөнелді. «Елді алаңдатқан істің бірі мемлекетіміздің дербес дэф коды еді», «Қазақ үшін қасиетті, бізге бұйырған 9, 9, 7 сандары халқымызға құт болып келсін», «Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда шетелдіктердің телефонында «Қазақстан» деген жазу шығады», «Енді +7 телефон кодының орнына +997 дэф кодын қолданатын боламыз» деп қуануда. Дұрыс қой, елдің атын шығаратын, тәуелсіздігімізді бекіте түсетін мұндай қадамдар бәрімізді қуантады. Алайда бұл министрдің өзі туралы жағымсыз пікір көбейіп кеткен қазақтілді ортаға жағыну мақсатында жасап отырған әрекеті екені даусыз. Уақытша болса да, елдің назарын басқа жаққа аударып, алдаусыратпақшы. Оның үстіне осыған дейін әлеуметтік желіде тек орыс тілінде жазба жазып, одан қалды, қос тілді қатар қолданатын министрдің аяқасты тек қазақ тілінде жазба қалдыруы ойымызды нақтылай түседі. Сондықтан алданбаймыз. 

  Министр мырза, 500 миллион доллардың есебі қайда, «Сбер» не болды, eGov-ымыздың халі нешік?! +997-нің артына тығылмай, халықты алдаусыратпай, өткен қателігіңіздің есебін берсеңіз

Тегтер: министр реформа халық пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.10.2021, 09:08
Халық санағы: «қолбала» мұғалімдерге жұмыс табылды
Олжас ҚЫЛЫШ 21.10.2021, 10:20
«16 желтоқсан күні не құттықтай алмайсың, не көңіл айта алмайсың»
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 21.10.2021, 08:57
Тоқаев тапсырмаса, Шөкеев те, Аймағамбетов те үнсіз
Алмас НҮСІП 21.10.2021, 08:56
Нығматулин Тоғжановқа тағы тиісті
Әділ АҚЫЛБАЙ 20.10.2021, 16:20
6 млрд доллар қайда?
Мариям МАҚСАТ 20.10.2021, 11:10
Арзан картоп арман болып қалар ма екен?

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31