"Мұстафа Шоқай шошқа, Ахмет Байтұрсынов сатқын"

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

07.01.2021, 09:32

7493

Қазақ халқы  өзгені басынбайтын, қойдан жуас қоңыр мінезбен әлі келе жатыр. Соңғы жылдары қазақтың дархан мінезін көнбістікке балап, айрандай ұйыған тату елдің ортасында жік шығаратындар, көрші елді айтпағанда, өз елімізде де көбейіп барады. Қарағандылық Марго Асланованың Facebook парақшасында қазақтың ірі тұлғалары туралы жазған «пәлсапасы» дүйім жұрттың ішінде дүрбелең туғызды. Марго Асланова қазақ халқының азаттығы үшін жанын қиған Алаш қайраткерлерін сепаратистер деп бағалаған.  Қарағандылық келіншек  «Мұстафа Шоқай шошқа, Ахмет Байтұрсынов  сатқын, ал Шәкәрім жаңа өмірдің өзгерісін қабылдай алмаған шал, оны атып тастағаны дұрыс болды» деген пікірін бүкіл ұлттан қорықпай, пост қылып жазған. Пікір білдіргендердің барлығына жауап жазып отырған.

      Алаш қайраткерлерін қорлап, пікір жазған қарағандылықтың бұл қылығына не билік, не полиция қызметі ауыздарын аша алмаған. Facebook-тағы бұл дауды көрген Нұр-Сұлтан қаласының  тұрғыны Зарина Москау қарағандылық Марго Асланованы сотқа беруді жөн деп тауыпты. «Ұлт қайраткерлерін қорлағаны үшін, мені қорлағаны үшін оны сотқа беремін. Мен қазақпын, менің ата-бабамды қорлағаны мені қорлағаны болып табылады. Қазір сотқа жүгіну үшін қажетті қағаздарды дайындап жатырмыз. Адвокатым Абзал Құспан. Қазір Мұстафа Шоқай, Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынұлының ұрпақтарымен сөйлесіп жатырмыз. Сот нәтижесі қалай болады, оны уақыт көрсетеді. Үнсіз отыру мүмкін емес, талап етіп, заңға жүгіну керек», – дейді «Жас Алаш» газетіне пікір білдірген Зарина Москау.      Әзірге бұл даулы мәселенің соңы қалай аяқталары белгісіз, дегенмен бұл пост әлеуметтік желіде ұзақ талқыланған мәселе болып отыр.

Тегтер: алаш арыстары тарих тағылым өсиет өнеге

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 19.01.2021, 13:32
Жағымпаздық үшін қылмыстық жаза керек
Амангелді СЕЙІТХАН 19.01.2021, 11:59
Ақылдың ісі емес, тілдің ұшы
Сайт әкімшілігі 19.01.2021, 10:59
Тоқаев сегіз лауазымды тұлғаны қызметінен босатты
Данияр МАҚСАТ 19.01.2021, 10:00
Қала әкімдігінде қазақтың тағдыры шешілмек
Дос КӨШІМ 19.01.2021, 09:11
Цирк кетті, үміт пен күдік қалды
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 18:24
Тоқаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті

Аңдатпа


  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01