«Мылқау» Мәмин, «бордюрбек» Бәйбек...

Жарас КЕМЕЛЖАН

09.06.2022, 08:50

2491

Тәуелсіз Қазақстан тарихын қаңтар көтерілісіне дейін және қаңтар оқиғасынан кейін деп, екіге бөліп айтып жүрміз ғой. Оның өзіндік себебі бар. Оны жұрт та жақсы түсінеді. Қаңтар қасіретіне дейін Назарбаевтың ықпалы жүріп тұратын-ды. Қазіргі президентіміз кейбір министрлерді ауыстырғаны болмаса, түбегейлі реформа жасай алмаған болатын-ды. Қанды қаңтардан кейінгі аласапыран Қазақстанды түбегейлі өзгеруге жол ашқандай болды. Бірақ саяси реформалар өте сылбыр жүріп жатыр. Дегенмен өзгерістердің нышаны бар.

Мәселен, қасіретті қаңтарды ұйымдастырған Кәрім Мәсімовтің тұтқындалуы, Қайрат Сатыбалдының әлі күнге дейін тергеуде жатқаны, Болат пен Әнипа Назарбаевалардың кейбір бизнестерінің мемлекет меншігіне қайтарылып жатқаны, Әлия Назарбаеваға тән компанияларға тықыр таяғаны – Назарбаев кланының аттан түсе бастағанын көрсетеді. Бірақ...

«Жыланды үш кессе де, кесірткелік хәлі бар» дегендей, отыз жыл ойнақ салған жүйенің жұлынына түскен жегіқұрттар әлі толық тазарып болған жоқ. Мәселен, экс-елбасыны өте жақсы пайдаланған Асқар Мәмин қайда? Құзырлы мекемелер оны неге тексермейді? Жуырда ғана ҚТЖ-ның жалғыз акционерінің 27 мамырдағы шешімімен директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілген болатын-ды. Әлгі ақпаратта «ҚТЖ»-ның директорлар кеңесі төрағасының, тәуелсіз директоры Кальман Шомодидің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Шомодидің артында біз атап отырған Асқар Мәминнің тұрғанын көп адам біле бермес. Тіпті, осы уақытқа дейін бұл туралы ақпараттардың бәрі жабық болды. ҚТЖ-ға жасалған реформа Мәминге ашылған соғыстың басы болса игі.  

Мәминнің өзі кішігірім бір «назарбаев» болғанын жұрт ұмытқан жоқ. Мәмин үкіметінің қал-қадірін де кезінде біздің басылым талай жазған болатын. Журналистер жұлып-жеп жатса да, мық еткен дыбыс шығармайтын Асекеңе тілшілер қауымы «Көнбіс Асқар», «Мылқау Мәмин» деген де лақап ат қойған-ды. Мәминдікі көнбістік емес. Оның саяси миссиясы – биліктегі ғұмырын ұзартып отыра беру ғана болатын. Жаңа Қазақстан Назарбаев кландарының тұқымын тұздай құртқысы келсе, ендігі нысана Асқар Мәмин болуы керек!

Тағы бір кішкентай «назарбаев» – Бауыржан Байбек! Қаңтар аласапыранынан кейін бірнеше күн бой көрсетпей кеткен Байбек бір күні жылт етті. Жылт еткен күні әлі сол бұрынғыдай, доң айбат көрсетіп, азу тісін ақситып кетті. Оның кімге арқаланатынын айттық қой. Билік ауысып жатыр дедік, ендігі кезек Байбекке де келіп қалуы мүмкін. Байбектің Алматыда әкім болып тұрғанында, одан кейін «Нұр Отанда» қызмет еткен жылдары халықты тонамады дейсіз бе? Жарты Алматының бордюрі мен брусчаткасын ауыстырып тастаған жылдары «Бордюрбек» деген лақап ат да ие болған-ды. Сөйтсек, Байбектің брусчаткі мен бордюр шығаратын зауыты болыпты.

Бауыржан Алматыға келген жылы қаланың темір-терсегін түгел жинатты. Аурухана, университет, мекемелердің қоршауын қидай сыпырды. Үйін қоршайтын қаша қажет болса, бір қаланың темірі Байбектің үйін басып қалар еді. Соған қарағанда, ол әлгі қоршауларды үйіне апарған жоқ, темір-терсек сататын базар ашқан болуы мүмкін. Ол жағы қазірше, құпия. Бірақ Бауыржанды тексеру науқаны басталса, оны да ести жатармыз...

Назарбаев кланына қалтқысыз қызмет қылғандар Қайрат пен Бауыржан ғана емес. Қазіргі биліктің ішінде де жүр. Бір қызығы, қалғандары сіркіреген ақжаңбырдың арасында жүрсе де, құп-құрғақ. Тіпті, кейбіреулері Жаңа Қазақстан – Екінші Республиканың идеологиясын жазуға кірісіп кетіпті…    

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 14:15
Алматы тұрғыны Әл-Фараби бойындағы тұрғын үй құрылысына шағымданды
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 10:38
Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 15:56
Назарбаев елордада жаңа мешіттің ашылуына қатысты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 13:39
Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Нигерия күдіктіні Қазақстанға экстрадициялауға әлі жауап берген жоқ
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 11:37
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы тағайындалды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:09
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49