Мырзахметов орынбасарлыққа өз адамын өткізе алмады ма?

29.12.2018, 16:38

95

Екі ай бойы бос тұрған Жамбыл облысы әкімінің идеология саласына жауапты орынбасары қызметіне облыс әкімі Асқар МЫРЗАХМЕТОВ өзі қалаған кадрын өткізе алмай қалған сияқты. Бұл қызметке облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Берік УӘЛИ келеді деп күтілгенімен, Мырзахметов жаңа жылдың соңғы жұмыс күні президент аппаратында инспектор боп жүрген Талғат Амангелдіұлы МОМЫШЕВТЫ өзіне орынбасар етіп тағайындады. Еңбек жолын 1990-шы жылы Жамбыл спирт-арақ комбинатының сату бөлімінің маманы болып бастаған Талғат Момышев көп өтпей-ақ арақ-шарап сататын сол комбинаттың директоры болыпты. Қызмет жолына қарап отырсақ, одан соң да Алматы мен Астанада стандарттау, метрология, сертификаттау, сауда-саттық және мұнай-газ сияқты салаларға жетекшілік еткен екен.  Жамбылға Амангелдінің баласы Астанадан келіп отыр. Ол өткен жылдан бүгінге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ақпарат және мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарып келді.Талғат Момышев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалуымен қатар әкім орынбасарлары жетекшілік ететін салалар да қайта қаралды. Шамасы жаңа орынбасардың мамандығы идеология саласына келмейтіні ескерілді ғой деймін. Сөйтіп жаңа орынбасарға қаржы, экономика және спорт қарайтын болды. Ал идеология саласын бірінші орынбасар Бекболат Орынбековке қосып бере салды. О баста әкімнің идеология жөніндегі орынбасарының орны бос тұр еді, Талғат Момышев тағайындалғаннан кейін саланың бәрі бір-біріне қосылып, алынып, тіптен ойран ботқа болды. Осыдан кейін облыс әкімі, президент аппараты үшін идеология саласы ойыншық па деген ой туындап отыр. Мырзахметовтың зейнет жасын күтіп жүрген бірінші орынбасары Бекболат Орынбековке шүлен таратқандай идеологияны да «сен ала сал» деп қосып бере салғаны қаншалықты ақылға қонымды? Қалай дегенде де оның бұл шешімі мақтаулы Мырзахметовтың «минусы» болғандай.  Ресми деректе Т.Момышев 1968-ші жылы дүниеге келген, туған жері Ақмола облысы деп көрсетіліпті. Амангелді Момышевтың 1965-75 жылдары Көкшетауда ет комбинатының директоры болып тұрған кезінде дүниеге келген баласы әке жолын қуып келеді. Әке жолын қуып келеді дейтініміз Амангелді Момышев та 1995-1996-шы жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған. Одан ары қарай стандарттау, метрология, сертификаттау, сауда-саттық саласында істеген. Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Әкесі еңбек жолын еттен бастаса, баласының жұмысты арақ-шараптан бастаған екен. Фото: sputniknews.kz   
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 12:02
«Nur Otan» партиясы Жас депутаттар корпусын құрды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 11:45
Шпекбаев қызметінен кетіп, сыбайлас жемқорлыққа жаңа басшы келді
Дос КӨШІМ 16.04.2021, 09:40
Табанының бүрі жоқ Қазақстан парламенті
Сайт әкімшілігі 15.04.2021, 15:43
Жемқорлар да тірі жан
Елеусіз МҰРАТ 15.04.2021, 10:35
Қазыларымыз неге жиі қателеседі?
Батыр ЖАСҰЛАН 15.04.2021, 09:27
Ауыл әкімі: Көз алдау сайлау кімге керек?

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24