Мырзатай Жолдасбеков «Күлтегін» ұлттық орталығын құруды ұсынды

Сайт әкімшілігі

16.09.2020, 09:51

482

Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков елордада «Күлтегін» тарихи-мәдени ұлттық орталығын ашуды ұсынды. Бұл идеясын ғалым қала әкімі Алтай Көлгіновпен кездесуінде айтты, «Тәуелсіздігіміз бен елордамыздың қалыптасу кезеңдеріне елеулі еңбегі сіңген Мырзатай ағамыз ұлтымыздың рухани кемелденуіне әлі де үлес қосып келеді. Түркі халықтарының көне дәуірдегі бірнеше ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткішін терең тануға, көшірмесін елорда төріндегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiнде орнатылуына атсалысты. Осы оқиғаға 20 жылға жуық уақыт өтсе де, Мырзатай ағамыз әлі де тынбай еңбектеніп жүр. Бүгінгі келелі кездесуде де бірқатар идея, ұсынысымен бөлісті. Оның бірі – «Тәуелсіздік» стелласы болса, екіншісі – «Күлтегін» тарихи-мәдени ұлттық орталығын құру туралы ойы. Бұл құнды ұсыныстарды алдағы жұмыс жоспарларымызды саралап, ескереміз. Тарихымызды тереңдете түсетін Күлтегін заманынан сыр шертіп, ұлтымызға тән бірлік пен береке сол ықылым замандардан бастау алғанын тілге тиек етті», — деп жазды А.Көлгінов Instagram-дағы парақшасында.

Кездесу соңында Мырзатай Жолдасбеков Нұр-Сұлтан әкіміне мемлекеттік сыйлыққа қатысып жатқан «Ұлы дала әдебиеті» еңбегі мен өзі туралы замандас зиялы қауым өкілдерінің пікірлері жинақталған кітапты тарту еткен.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:17
Қожахметов ДСМ ресми өкілі қызметінен босатылды
Сайт әкімшілігі 09:51
Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қазақстаннан көмек сұрады
Алмабек ЕРБОЛАТҰЛЫ 29.10.2020, 11:11
АЭС салу: пайда ма, әлде зиян ба?
Сайт әкімшілігі 29.10.2020, 11:08
Лукашенкоға шегінетін жер қалмады
Нұрбол СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ 29.10.2020, 10:29
Сот әділ болсын десек
Әділ КЕМЕҢГЕР 29.10.2020, 09:06
Түркі әлемі дүр сілкінейін деп отыр

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04