Навальный Ресейдің келесі президенті болуы мүмкін

Сайт әкімшілігі

18.02.2021, 11:20

3848

       Қазақстандық экономист Рахымбек Әбдірахманов Украинаның ұлттық реформалар кеңесінің басшысы Михаил Саакашвилимен сұхбаттасыпты. Оның видеосы кеше ғана YouTube-те жарияланды.

       Ол сұхбатта Михаил Саакашвили былай депті:

       – Навальныйдың Путиннің сарайы туралы фильмін 140 миллион адам көрді. Ал қазіргі әлемде орыс тілінде сөйлейтін 300 миллиондай адам қалды. Мәселен, қазір Грузияда орысша сөйлейтін адам қалмады деуге болады. ТМД-ның кей елдерінде орыс тілі үстем тіл болып отыр. Ендеше әлемдегі сол орыстілді адамдардың жартысына жуығы әлгі фильмді көрді. Бұл феномен жағдай. Ал Путинді құртатыны – оның өтірігі. «Сарай менікі» дегенде, ешкім ештеңе демес еді, Ресейдің патшасы екені рас, патшаға лайық сарай сондай болуы тиіс қой. Бірақ Путин ол сарайда жеке тұлға сияқты тұрғысы келген болуы керек. Кейін қызметін тастап, көлеңкеге кетіп, сол сарайында жатып-ақ билікке ара-тұра араласпақ болған. Путиннің осы тірлігі оның кетуге даярланғанын білдіреді. Елдің өсегі расталды. Рас, Путин өтірік айтпауы керек еді. «Менің жеке үйім» дей салсын. «Бұл деген – қонақүй, ол Ротенбергтікі» дегеніне кім сенеді? Әлгі сарай қонақүйге еш ұқсамайды. Ендеше Навальныйдың айтқаны шындық болып шығады.

      Жалпы, Ресей халқы Беларусь сияқты тірлікке көнгісі жоқ. Көшеге шыққандарды ОМОН сабап, қой сияқты қораға қамауға орыстар көнбейді. Енді Ресейде тұрақсыздық күшейе береді. Навальный Ресейдің келесі президенті болуы да мүмкін. Бірақ ол оңайшылықпен келмейтін нәрсе екені анық. Біз, Ресейдің көршілері, бұл өзгерістерге назар аударуымыз керек. Енді ештеңе бұрынғыдай болмайды. Ресейдің барлық дерлік қаласында халық дүр сілкінді. Беларусь та сөйтті, Қырғызстанда да сондай болды, Грузия да сөйткен, тіпті енді тағы сөйтетін түрі бар. Бізді алда өте қызық оқиғалар күтіп тұр.

        Путин тым ұзақ отырып қалды. Біреу билікте ұзақ отырса, ол, шынымен де, халықты шаршатып жібереді. Жетістіктің бәрін бір адамның арқасында келді деп соға берсең, әрі сол жетістіктер барған сайын азайып жатса, халық жалығады. Путин өз билігін нығайту үшін Украинаның оңтүстігінде тағы бір әскери авантюра жасап, соғыс аша ма деген қауіп бар.  Мариуполь, Херсон және жалпы Украинаның оңтүстігін тартып алуы мүмкін. Украинаға да, халықаралық қауымдастыққа да сақ болу керек. Жараланған Путиннен бәрін күтуге болады.

Тегтер: саясат. пікір. пайым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:47
Қазақстандық Сәуле Омарова АҚШ-тағы жоғары лауазымнан бас тартты
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 07.12.2021, 18:20
Спортшының тамағынан ақша жымқыру
Әділ АҚЫЛБАЙ 07.12.2021, 15:46
Назарбаев дұрыс істеді!
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 13:15
Тоқаев үкіметке жаңа кадрлар даярлау жөнінде тапсырма берді
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 11:35
Алматыда жылу жүйесі жарылып, Рысқұлов даңғылын қалың бу басып қалды
Еңлік АБАҒАН 07.12.2021, 09:16
Ырымшыл Бозымбаев һәм Баталовтан қалған аутсайдер облыс

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00