Назарбаев дұрыс істеді!

Әділ АҚЫЛБАЙ

07.12.2021, 15:46

2506

       Нұрсұлтан Назарбаев Қырымды да, Абхазия мен Оңтүстік Осетияны да Ресейдікі деп мойындамайтынын режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында айтты. «Әне, тіпті Путиннің одақтастары да оның авантюраларымен келіспей отыр», – деп пайымдайды бұған байланысты украиналық журналист Виталий Портников.

Портниковтың пайымына салсақ, Назарбаев дұрыс істеді. «Бір бұқсаң, Путин сұға түсетінін ол біледі», – дейді.

      «Осылайша Қазақстан бұрынғы кеңес елдері кеңістігіндегі бүгінгі ресейлік сыртқы саясатпен келіспейтінін көрсетті. Абхазия мен Оңтүстік Осетия жерін Ресей армиясы оккупация жасап, тартып алды. Қазір осы екі грузиялық автономияны бүкіл әлемде мойындаған ел – Ресейдің жалғыз өзі. Оны мойындамаған Қазақстан, әрине, Қырымды да Ресейдікі деп мойындамауы тиіс.

        Путин бетінен біреу шапалақпен тартып жібергендей күйде. ЕАЭО мен ҰҚКШҰ-дағы одақтасы, Ресей Федерациясының формалды тұрғыдағы ең жақын одақтасының кейбір мәселеде «тәйт» дей алатынын көрсетеді бұл. Қырымды Путин Ресей Федерациясының бөлігі деп жариялап жіберген соң, оккупация жасалғалы бері сегіз жыл өтсе де, Назарбаев мойындамайды. Ресейдің жер бетінде ешқандай нағыз досы мен одақтасы жоқ екенін ақыр аяғы Назарбаевтың өзі ұқтырып отыр. Лукашенконың Қырымды мойындауына мәжбүрлеу арқылы қол жеткізді Путин. Лукашенко басқа амалы қалмаған соң мойындай салды. Сайлауда дауыс ұрлап, халық шеруін күшпен тарқатқан соң ғана.

        Назарбаевтың жағдайы ондай мүшкіл емес. Қазақстанда әзірге Беларусьтағыдай бүкіл халық жүйеге қарсы өре көтерілген емес. «Мойындады» деген Лукашенконың өзі әлі күнге дейін оккупацияланған Қырым түбегіне барған емес. Және өзінің сол сөзін ресми растаған жоқ. Мәскеудің аннекциялап алған Қырымын «Ресейдікі» деп Қазақстан әлі он жыл бойы мойындамай қойса ше? Бәлкім, сол уақытқа дейін Украинаның территориялық тұтастығы қалпына келуі де мүмкін.

        Нұрсұлтан Назарбаевтың Путиннің жаңа жерлерді жаулауымен келіспеуіне тағы бір маңызды себеп бар. «Қырымды алдың» деп келіскені, кейін өз солтүстігіндегі жерінің Ресейге жұтылуына жол ашуы. Путин Ресей элитасындағы шовинистік ортаға емеурін артады. Олар ертең Қырым сықылды Қазақстанның солтүстігіндегі бір республиканың тәуелсіздігін мойындауға даяр, Қазақстанның орысы көп жерлеріне сілекейін ағызып қарап тұр. Оны астанадағылар да жақсы түсініп отыр. 1991 жылдан бері Қазақстан мемлекеті территориялық бөліністен қауіптеніп келді. Сол үшін Назарбаев өз елінің тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялады. Сол үшін Назарбаев жаңа еуразиялық одақ құрудың бас идеологы болды. Әрине, ол ондай ештеңе құруға мүдделі емес, бірақ Қазақстандағы ұлттық баланс түбегейлі қазақ халқының басымдығына қарай ойысқанша, ол осындай жолмен өзінің еліндегі орыс халқының көңілін басып келді. Ақыры Қазақстанның қазақ және орыс бөлігі деп бөлінуі қаупі жойылды. Бұл бірақ ішкі мәселе еді.

           Енді, біз көріп отырғандай, сыртқы проблема да бар екен. Ол – Ресейдің экспансиясы. Путиннің шовинистік пиғылы. Ол – Ресей генералдарының Кеңес Одағын жарым-жартылай болса да, қайта құру үшін қан төгіп, соғысуға деген дайындығы. Қазір Украинаға төніп тұрған Ресей армиясы мен Белоруссияны қосып алғалы отырған Ресей саяси элитасы ертең Украина мен Беларусь мәселесін тындырған соң, Қазақстанның кезегі келмейді деп кім айтты?! Бірақ Қазақстанға келгенде, Путинге Қытаймен де санасу керек. Ал батыс әлеміне қарағанда Путин Қытайдан қаттырақ қорқады», – деп пайымдайды украиналық журналист.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:50
Тоқаевтың тапсырмасына саботаж жасалды
Сайт әкімшілігі 17:22
Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады
Сайт әкімшілігі 16:26
Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 14:43
Ертең Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді
Сайт әкімшілігі 13:08
Оператор РОП-тың басқарушы директоры өзіне қол жұмсады
Әділ АҚЫЛБАЙ 12:29
Мәә!!! Не деген байлық?

Аңдатпа

  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48