«Назарбаевқа елді сахна сыртынан басқару қиын болады»

20.03.2019, 18:40

151

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуін көптеген сарапшылар мен саясаттанушылар формалды түрде жасалған қадам ретінде бағалап жатыр. Басым пікір оның елді әлі де басқаның қолымен басқара беретіні жайлы айтылады.Осыған ұқсас пікірді Ресей сарапшысы Михайл Делягин де айтады. Царь Град сайтының жазуынша, саясаттанушы Делягин Назарбаевты Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш әрі әзірге жалғыз басшысы болғанын айта келіп, оның әлі күнге өте ықпалды адам екенін алға тартады. Оның пікірінше, Назарбаев өте ақылды адам, сол себепті, әр қадамын есептеп басады. Сол себепті, сарапшы Назарбаевты биліктен кетті дегеннен гөрі «сахна сыртына ауысты» дегенді дұрысырақ санайды.Бірақ, президенттік посттан кеткеннен кейін бүкіл билікті бұрынғыдай ұстап қалу мүмкін бе? Бұл туралы Назарбаевтың басты партияның жетекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы екенін ескере келіп, Жаһандану проблемалары институтының директоры, саясаттанушы Михаил Делягин былай дейді:[caption id=«attachment_26826» align=«alignleft» width=«236»]Фото: tsargrad.tv[/caption]«Менің ойымша, анығында Назарбаев кетпейді, ол жай ғана перде сахна сыртына ауысады». Ол сондай-ақ, кез келген саясаттың көптеген формалды дүниелермен байланысты екенін ескерсек, «Назарбаевтың болашағын болжау қиын, оның үстіне, сахна сыртынан басқару мен сахнада отырып басқару мүлде екі басқа нәрсе. Бұл әлдеқайда қиын», дейді.Фото: inform.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыр ЖАСҰЛАН 09:18
Тілі 7-бапқа байланған ел
Әділ КЕМЕҢГЕР 12.05.2021, 07:41
Билік транзиті болмады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 12.05.2021, 07:03
Ким қазақты қайтсін...
Сайт әкімшілігі 11.05.2021, 15:28
Өзін «ақпын» деп ресми тілде ақталған Жоламанова қазақ тілін менсінбей ме?!
Сайт әкімшілігі 11.05.2021, 11:39
Мұхтар Түменбай: Бұл әзілдейтін нәрсе емес!
Сайт әкімшілігі 11.05.2021, 10:08
Риддердегі өрт: полиция тергеу бастады

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06