Назарбаевқа ота жасалған жоқ, бұл емдеу-диагностикалық процедурасы – кардиохирург

Сайт әкімшілігі

20.01.2023, 16:00

526

Нұрсұлтан Назарбаевқа операция емес, емдеу-диагностикалық процедурасы жасалды. Бұл туралы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пя мәлімдеді, деп хабарлайды Жас Алаш  Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бұл жоспарлы процедура.

«Процедура былтыр жоспарланған. Бірақ біз әрбір пациенттің жұмыс кестесіне, ыңғайлы уақытына қараймыз. Оның жұмысбастылығы мен денсаулық жағдайына байланысты бүгін өткізуді шештік», — деді Пя журналистерге арналған брифингте.

Ол бұл процедураның стреспен еш байланысы жоқ екенін атап өтті.

"Қазір Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы", — деді ол.

Жоспарлы процедура екі жарым сағатқа созылған. Экс-президент ертең-бүрсігүні ауруханадан шығарылуы мүмкін.

Осы орайда журналистер Назарбаевқа орталықта ерекше жағдай жасалған ба деп сұрады.

«Бізде әрбір пациентке ерекше жағдай жасалған. Біз де VIP деген түсінік жоқ. Біз үшін әрбір пациент VIP», — деп мәлімдеді Юрий Пя.

Еске салайық бұған дейін экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғанын мәлімдеген болатын. 

Тегтер: Назарбаев ота медицина

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:00
ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды
Сайт әкімшілігі 10:35
Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы
Нұрболат ӘЛДИБЕК 07:12
Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 17:45
Әсет Матаев парламент сайлауына қатысады: "Біздің буын көптеген мәселелерді шеше алады"
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 15:19
Мәртебелі фамилияңыз әділдікті қалпына келтіруге кедергі емес – Ерлан Саиров
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 12:38
Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28