Nur Otan ауылдың дарынды балаларына қандай қолдау көрсетеді?

Сайт әкімшілігі

07.01.2021, 12:43

711

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Павлодар облысына келді деп хабарлайды партия баспасөз қызметі.  

Партияның сайлауалды күн тәртібі өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Қазақстан Алюминийі» жұмысшыларымен кездесуде талқыланды.

Таяудағы 5 жылда «Nur Otan» облыста кемінде 45 мың жаңа жұмыс орнын ашу, 100-ден астам ауылдың 45 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, 1,6 мың км автожолды жөндеу, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 9 мың пәтер ұсына отырып, 2 млн. шаршы метр тұрғын үй салу секілді жобаларды міндет етіп қойып отыр.

Экологияны жақсарту мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу және жыл сайын орташа алғанда зиянды шығарындыларды 3 мың тоннаға төмендете отырып, кәсіпорындарды жаңғырту жоспарлануда. 

Бұдан кейін мұғалімдермен кездесуде сайлауалды штаб мүшелері білім беру саласын дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.

«Nur Otan» партиясы өңірде 83 мектеп салу мен күрделі жөндеуді қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында атап көрсеткендей, ел бойынша 800 жаңа мектеп салынады және шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда қолданыстағы 5 мың мектеп жаңғыртылады. Дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету бойынша жұмыс, оның ішінде ауылдық жерлер қамтыла отырып жалғасады, оларға елдегі мамандандырылған мектептерде оқу мүмкіндігі ұсынылады. Әсіресе, мұғалім кәсібінің беделін арттыруға баса назар аударылады. Педагогтардың жалақысы 2 есе өседі», — деп атап өтті сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек. 

Осы күні партия өкілдері Новочерноярка ауылының тұрғындарымен кездесті. Бір жыл бұрын ауылдағы 16 көпқабатты үйде орталықтандырылған жылудың болмауы мәселесі шешімін таппай тұрған болатын. Осынау ұзаққа созылған жылыту қазандығын салу мәселесі партиялық бақылауға алынғаннан кейін биыл ауылдағы 800 үй ғана емес, сонымен бірге мектеп, аурухана және басқа да әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етілді.

Тұрғындардың айтуынша, Черноярск ауылдық округіндегі түйткілді мәселенің бірі – ауыл ішіндегі жолдардың сапасы. Осыны ескере отырып, «Nur Otan» партиясы аудандық сайлауалды бағдарламаға 19 ауылдағы, оның ішінде Новочернояркадағы жолдарға жөндеу жүргізуді енгізді.

«Жалпы, Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Ауыл – Ел бесігі» жобасының аясында өңірде 170 ауыл жаңғыртылады. Сайлауалды уәделеріміз аясында ел көлемінде 3,5 мыңнан астам ауылдың тұрғындары үшін өмір сүру стандартын көтеру жоспарлануда», — деді Бауыржан Байбек.

«Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 19.01.2021, 13:32
Жағымпаздық үшін қылмыстық жаза керек
Амангелді СЕЙІТХАН 19.01.2021, 11:59
Ақылдың ісі емес, тілдің ұшы
Сайт әкімшілігі 19.01.2021, 10:59
Тоқаев сегіз лауазымды тұлғаны қызметінен босатты
Данияр МАҚСАТ 19.01.2021, 10:00
Қала әкімдігінде қазақтың тағдыры шешілмек
Дос КӨШІМ 19.01.2021, 09:11
Цирк кетті, үміт пен күдік қалды
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 18:24
Тоқаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті

Аңдатпа


  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01