Nur Otan елордада, Алматы мен Шымкентке қатысты қандай уәде береді?

Сайт әкімшілігі

21.09.2020, 14:08

355

Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» халықпен талқылау үшін әр өңір, қала және аудан бойынша алдағы 5 жылға арналған 216 сайлауалды бағдарламасының жобаларын жариялады. Билеуші партия оларды краудсорсинг қағидаты бойынша пысықтамақ. Яғни, республикалық партияішілік праймериздің нәтижелері бойынша ең үздік идеялар мен шешімдерді жинап, бағдарламаларды жетілдіру көзделіп отыр. 

Сонымен, елордада сайлауалды бағдарламаның жобасы қала тұрғындарын толғандыратын мәселелерді қамтыған негізгі 10 бағыттан тұрады. Олардың ішінде үлескерлердің, кезекте тұрғандардың мәселелерін шешу, әлеуметтік нысандар салу, қоғамдық орындарды жайлы ету сияқты тағы да басқа түйіткілді мәселелер бар.

Бағдарлама аясында кезекте тұрған 47 мыңға жуық тұрғын мен 13 мың үлескерді  баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда. 20 апатты және ескі үйде тұратын 300 отбасы жаңа баспанаға көшірілмек. 16 тұрғын алабында 500 аула абаттандырылып, әлеуметтік нысандар, жолдар мен сумен жабдықтау желілері, 50 жаңа саябақ пен гүлзар салынады.

Партияның қалалық филиалы жиі су басатын 34 проблемалық нысанды бақылауда ұстап отыр. Осыған байланысты арнайы нөсерге арналған кәріз желілері мен құрылыстарын салу жоспарда бар. 

Жастарға да айтарлықтай көп көңіл бөлінеді. «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына жыл сайын қаражат бөлу көзделіп отыр. Интернат түлектері арасынан 1800 жасқа толыққанды қолдау көрсетіледі.

Партия мүшелері Алматыдағы басты мәселелер ретінде экологиялық ахуалды жақсарту мен қаланы көгалдандыру, көлік және жаяу жүргінші инфрақұрылымын салуды қарастырып отыр. Сондай-ақ, таяудағы бес жыл ішінде 244 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу үшін партия 400 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашу, 11 мемлекеттік балабақша және 8100 орындық 7 мектеп салуға уәде беріп отыр. Студент жастарды қолдау мақсатында қаланың 27 жоғары оқу орны мен колледждерінде 40 жатақхана салынады.

Партияның Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының жобасында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылған. Мәселен, 5 жыл ішінде 3 млн.шаршы метрге жуық тұрғын үй салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, партия 42 мектеп пен 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысын жоспарлап отыр. Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Мен кәсіпкер боламын» өңірлік бағдарламасын іске асырмақ.

Өңірлердің сайлауалды бағдарламаларының жобасымен толығырақ primaries.kz.сайтынан танысуға болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Алмабек ЕРБОЛАТҰЛЫ 29.10.2020, 11:11
АЭС салу: пайда ма, әлде зиян ба?
Сайт әкімшілігі 29.10.2020, 11:08
Лукашенкоға шегінетін жер қалмады
Нұрбол СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ 29.10.2020, 10:29
Сот әділ болсын десек
Әділ КЕМЕҢГЕР 29.10.2020, 09:06
Түркі әлемі дүр сілкінейін деп отыр
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 10:32
Мәжіліс депутаттарына тікелей хат жазуға болатын арнайы сайт ашылды
Дос КӨШІМ 27.10.2020, 11:25
Қызығы кеткен сайлау

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04