«Оператор РОП» халықтың «үнін өшірді»

Әділ АҚЫЛБАЙ

02.12.2021, 09:02

3152

  Утилизациялық алымға қарсы ел ішінде үлкен шу болып жатыр. Жаңа жылдан кейін айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты ол алымдардың сомасы одан сайын өседі.Қазақстанның халқы мен ауыл шаруашылығын тұншықтырып тастаған осы утилизациялық алымға қарсы петиция құрылып, оған 150 мыңға жуық адам қол қойып, ол Қазақстан бойынша жалғасып жатыр еді. Петицияның жарнамасы түрлі сайттар мен әлеуметтік желілерде таралып жатқан-ды. Жарты Қазақстан қол жинаса, утилизациялық алымның көзін құртамыз деген үміт бар еді.Бірақ 29 қарашадан 30 қарашаға қараған түні петиция жарияланған электрондық үкіметтің сайтына көптеген IP адрестерден жаппай шабуыл жасалып, тура әлгі «Утильсбор жойылсын!» деген петицияға хакерлер шүйлікті. Қол қою жүйесін бұзып тынды қарақшылар. Нәтижесінде сайттағы дерек қорының кестесі бұзылып, петицияға қол қойған адамдар туралы деректің бәрі жоқ болып кетті. «Оны қалпына келтіру енді мүмкін емес» дейді электрондық үкіметтің порталы.Бұл тапсырыспен жасалған шабуыл. Әйтпесе қаптаған петицияның арасынан дәл осы петицияға жабыла жөнелу басқа кімге керек? Қысқасы, утилизациялық алымнан Қазақстан халқы қанша жерден құтылғысы келгенімен, ауадан ақша жасап, халықты ашықтан-ашық қанап, қалтасын қағып отырған «Оператор РОП» Қазақстаннан құрығысы келмейді екен. Сүлікше жармасқан екен. Петициямызға түкіріп, оған қол қойып әлек болған халықтың бәрін ақымақ қылды.

  Айтпақшы, мұндай шабуылдар өте қымбат тұрады. Бірақ утильсборды сақтап қалу үшін олар да ештеңеден тайынбайды екен.

Тегтер: утильсбор халық нарық оператор

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:50
Тоқаевтың тапсырмасына саботаж жасалды
Сайт әкімшілігі 17:22
Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады
Сайт әкімшілігі 16:26
Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 14:43
Ертең Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді
Сайт әкімшілігі 13:08
Оператор РОП-тың басқарушы директоры өзіне қол жұмсады
Әділ АҚЫЛБАЙ 12:29
Мәә!!! Не деген байлық?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48