«Оператор РОП» утильалымнан 691,9 млрд теңге пайда тапты

Сайт әкімшілігі

12.01.2022, 13:30

766

Утилизациялық алым төлемінің коэффициенттері қайта қаралады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды «Жас Алаш»  Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Министр 2015 жылдың желтоқсан айында құрылған «Оператор РОП» ЖШС утилизациялық алымнан қанша қаражат тапқанын және аталған соманың қайда жұмсалғанын айтты.

«2016 жылдан бүгінге дейін кәдеге жарату төлемі (авт. утилизациялық алым) түрінде түскен ақша қаражатының көлемі 691,9 млрд теңгені құрайды. Алынған қаражат ҚР қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкестікке жол салды. Атап айтқанда, отандық автокөлік өндірушілерге 338,9 млрд теңге мөлшерінде кәдеге жарату түріндегі бұрын төлеген қаражаттары қайтарылды. Экологиялық мәселелерді шешуге 102 млрд теңге және салықтарға 49,1 млрд теңге жұмсалды. Бүгінгі таңда қаражат қалдығы екінші деңгейлі банктерде 220,6 млрд теңге құйды», — деді Серікқали Брекешев.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай министрлік бизнестің, қоғамның және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен бірқатар мәселелерді пысықталмақ.

«Бірінші – жеке мемлекеттік оператор немесе өнеркәсіпті дамыту қорының базасында құру, екінші – кәдеге жарату төлемінің коэффициенттерін қайта қарау, үшінші – кәдеге жарату алымы есебінен отандық көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға ваучерлер беру», — деді ведомство басшысы.

Тегтер: утилизация көлік өндірісі мәселе үкімет субсидия

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 13:20
Заңсыз байығандардың зәресі ұшып отыр
Жарас КЕМЕЛЖАН 19.01.2022, 10:10
Ерлан Саиров, саясаттанушы: Мемлекеттілікті сақтау, барлығымыздың басты миссиямыз!
Әділ АҚЫЛБАЙ 19.01.2022, 00:00
Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 18:50
Назарбаев халыққа үндеу жолдады
Дос КӨШІМ 18.01.2022, 17:20
Президентті қолдау деген сөзді билікті қолдау емес, мемлекетті қолдау деп түсіну керек
Жарлы БАЙҒАНИН 18.01.2022, 13:50
«Атамекен» кімнің ата мекені?

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38