Оқушы қыздарға шалбар киюге тыйым салынбайды

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

15.10.2021, 11:18

793

Күн суытқалы еліміздегі кейбір мектептерде оқушы қыздарға шалбар киюге тыйым салынуда. «Жылда киіп жүрген нәрсесі емес пе еді, биыл кім, не үшін тыйым салып жатыр» деп наразылық танытқан ата-аналар шағымынан соң, мәселенің мән-жайын анықтауға тырыстық. 

Атап өтер жайт, қыркүйек айы басталмай жатып білім және ғылым министрлігі биыл оқушыларға мүмкіндігінше классикалық киім кисе болғаны, айтарлықтай талап қойылмайтынын, мектеп формасын кию міндетті емес екенін мәлімдеген болатын. Ендеше түсінбеушілік қайдан туындап отыр?

Туындап отырған мәселеге орай, білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиеваға хабарластық. «Жаңа оқу жылында оқушыларға білім беру ұйымдарына тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де баруға рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Классикалық стиль матаны, киімнің түсі мен тігісін таңдауда қатаңдықпен, ұстамдылықпен және консерватизммен сипатталады. Қазіргі таңда мектептерде «үсті – ашық түсті», «асты – қара түсті» киімге басымдық беріледі. Қыз балалар мектепке юбка не болмаса шалбар киіп келуі тиіс деген талап қойылмайды», – деді баспасөз хатшысы. Ендеше бір емес, еліміздің түкпір-түкпіріндегі бірнеше мектеп бір мезетте шалбар киюге тыйым салу туралы бұйрықты қайдан тауып алды?!

Тегтер: білім онлайн оқу офлайн оқу қаулы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ АҚЫЛБАЙ 15:46
Назарбаев дұрыс істеді!
Сайт әкімшілігі 13:15
Тоқаев үкіметке жаңа кадрлар даярлау жөнінде тапсырма берді
Сайт әкімшілігі 11:35
Алматыда жылу жүйесі жарылып, Рысқұлов даңғылын қалың бу басып қалды
Еңлік АБАҒАН 09:16
Ырымшыл Бозымбаев һәм Баталовтан қалған аутсайдер облыс
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:15
Сталин өлтірді, Ақсақалов күресінге тастады
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 12:08
30 градус аяз болады

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14